Тақырыбы:«Көңіл-күйлер әлемінде»
Мақсаты: Балалардың
эмоционалдық көңіл-күйлерін көтеру, бір-біріне деген сезімталдығын
тәрбиелеу, эмоциясын білдіре алуға үйрету.
Білімділік: Балалардың санасында
мейірімділік, қайырымдылық,кішіпейілділк сезімдері ұғымын қалыптастыру.
Дамытушылық: Айналасындағылардың көңіл – күйін сезіну қабілетін, сезімталдығын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұстамдылыққа, тұрақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Түрлі-түсті шарлар,
үйлер (қызыл, сары, көк, жасыл, қара, күлгін), тапсырмалар, тәрелкелер.
1. «Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын
ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен
қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез
амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен…
иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
2.«Ормандағы жаңбыр»
Нұсқау; Бір-біріңіздің соңынан
шеңбер жасап тұрыңыздар. Орманда жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте
тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел
соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны
қаттырақ басамыз) .
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз
күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді
(серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды
(алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ
соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.
3. «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.
Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан
тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін
батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді
жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады.
4.«Шарлардың
үйлерін табуға көмектес» жаттығуы. Түрлі-түсті шарлар, үйлер (қызыл, сары, көк,
жасыл, қара, күлгін) Балалардын колдарына өздері тандаған шарлар беріледі.ал
тактаға осы түсті үйлер ілінеді.Балалар осы үйлерге колдарындағ шарлардың
түстерн тауып ілулері керек.
Педагог-психолог: Ш.Карин