Ертегіде
қонақта
(Ата-аналармен эстафеталық жарыс)
Жүргізуші:Қош келдіңіздер! Бүгін біз қызықты эстафетаға қатысуға
жиналдық. Ендеше, ортаға қатысушыларды шақырайық.
Әсем әуенмен қатысушылар
ортаға шығады. Екі топқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады.
Жүргізуші: Енді топ басшыларына сөз беріледі.
Топ басшысы мен қатысушылар
өз ұрандарымен, топ атын таныстырады.
Жүргізуші: Біздің ең алғашқы тапсырмамыз өткізетін, орыс халық
ертегісінің кейіпкері.Оны ортаға шақырмас бұрын, оның атын тауып корейік.Ертегі
былай басталады: Мен атамнан қаштым, мен әжемнен қаштым,- деп басталатын қай
ертегі? БАУЫРСАҚ
Ортаға бауырсақ жүгіріп шығады.
Бауырсақ: Бәрінізге жалынды сәлем!!! Мен кім жасады және қалай
жасады?
Осы сұрақтын жауабын білу үшін,мені
мүсіндеп жасап берулеріңіз қажет.
Қатысушылар тұзды қамырдан
бауырсақтын мүсінін жасап беру керек. Кім көп бауырсақ жасайды сол жеңімпаз.
Бауырсақ: Жарайсыздар! Жасаған бауырсақтарыңыз өте керемет шықты.
Енді мені атам мен әжем күтіп қалды соларға жол тартайын.Сау болыңыздар. Келесі
кездескенше.
Жүргізуші: Ойынымызды әрі қарай жалғастырамыз. Осы ертегінің тағы бір кейіпкері керемет
спортшы, керемет секіруші, құлағы ұзын.... Ол не?? Дұрыс қоян.
Секіргішпен ортаға қоян секіріп келеді.
Қоян: Сәлем, сәлем! Осында эстафеталық жарыс өткізіліп
жатыр,-деп естіп келдім.Олай болса секіру жарысын ұйымдастырайық. Екі топ
секіріп жарысады.
Қоян: Жарайсыңдар балалар. Жарайсыңдар ата-аналар. Жұмыла көтерген
жүк жеңіл демекші бәріңде жарадыңдар. Сендерге сәттілік тілеймін. Сау болыңыздар!!!
Жүргізуші:Естеріңізде ме? Тышқансыз үлкен бір көкеністі тарталмаған
еді. Сол қай ертегі желісінен алынған? Дұрыс шалқан ертегісенен алынған.Енді
сол шалқанның орнына екі топ арқан тартысамыз.Бұл ойында әр топтың күші
сыналады. Әр топ қатысушысының күші маңызды. Ендеше сәттілік.
Жүргізуші: Ал, енді назар аударамыз.Келесі жарысымыз – ол ат жарысы. Ең үздік шабандозды анықтаймыз.
Екі топ ағаш атқа мініп, сайысқа түседі.
Жүргізуші: Жарайсыздар. Нағыз шабандоздар осы ойында екен ғой.
Жүргізуші: Бізге берілген уақыт өз мәресіне жетті. Ойынды қорытындылайтын
кезде келді. Жеңіске жеткен топ ....Біз сіздермен қоштаспаймыз тек қана келесі
кездескенше дейміз.