Еліміздің әр өңірлеріндегі
балабақша әдіскерлерінің педагогикалық шеберлігін және кәсіби біліктілігін
арттыру мақсатында ұйымдастырылған І-ші
Республикалық «Үздік балабақша әдіскері» байқауына балабақшамыздың әдіскері
Балдаева Жұпар Бақытқызы қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Республикалық
масштабта өткен осы байқауда «Жаңартылған Стандарт негізінде
«Комммуникация» саласы бойынша драма сабақтарының баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы
маңыздылығы» тақырыбындағы шығармашылық жұмысы әділ -қазылар шешімімен үздік
деп танылып, жоғары бағаланып , ІІІ орынға ие болып, арнайы дипломмен және «Үздік
әдіскер» төсбелгісіне ие болды..Осы байқау нәтижесінде балабақшамыздың әдіскері
Балдаева Ж.Б –ның мақаласы «Білім беру жүйесіндегі
жаңаша бағыттардың тәжірибелік негіздері» атты
республикалық ғылыми жинаққа мақаласы жарияланып, арнайы сертификатқа ие
болды.Сонымен қатар осы байқауға балабақшамыздың әдіскерінің қатысып, өзін ерекше
қырынан көрсете білгені үшін балабақшамыздың меңгерушісі Сайфуллина Т.К.арнайы
алғыс хатпен марапатталды.Еліміздің
болашағы жас бүлдіршіндерді тәрбиелеу
жолында жасап жатқан ерен еңбектеріміз алдағы уақытта да осындай жетістіктерге
жете берсін деп тілек білдіреміз.