Эстафеталық ойын
Мақсаты: жас ұрпаққа
адамның денсаулығының құндылығын, өмір сүру маңызды жоғары байлық екенін ұғындыру.
Балалардың ептілігін, шыдамдылығын, спорттық шеберліктерін, мүмкіншіліктерін
арттыру. Өз ұстанымдары бар, тәртібі үлгі болатындай белсенді топ дайындау. Жүгіру,
секіру, лақтыру негізгі қимыл әрекеттерін дамыту.
Әдіс- тәсілдері: Дәстүрден тыс, түсіндіру, көрсету, би билеу, ән айту,
көрніс қою.
Керекті құрал-жабдықтар: штанка баклашкадан жасалған , баклашкалар, доптар, қалақша,
қатты кардоннан жасалған сақиналар, арқан жіп, кәмпиттер, эмблемалар, нақыл сөздер
жазылған плакаттар.
Жүру барысы: Балалар бірінің артынан бірі марш әуенімен
тізбектеліп жүреді, жүгіреді, қолдарын жоғары көтеріп жүреді, аяқтың ұшымен жүреді.
«Аяқпеннен топ-топ» сергіту жаттығуын
жасау.
Тәрбиеші: Қайырлы күн тәрбиеші апайлар, жанкүйерлер! Бүгінгі
«Шымыр
болсын, денеміз» атты эстафеталық
ойынымызды бастаймыз.
Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке-жеке команда.
Ал, балалар өздеріңді сынаңдар,
Мықтылық көрсетіп табанды- деп ортаға «Жеңіс» және «Бірлік» тобын ортаға қошеметпен шақырайық.
-Балалар бір-біріне сәлемдемелерін жолдайды.
-Бәрекелді балалар!
-Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш- деп алғашқы сайыс «Кім күшті»
ойыннын бастайық.
Ойын шарты: 2-топ балалары баклашкадан жасалынған,
ішінде құм салынған кішкене штанканы екі қолдарына көтеріп, допты айналып жүгіріп
келеді.
-Балалар сендердің күштерің көп екенін біз байқап
қалдық, жарайсыңдар!
Бақшада бүгін басталған,
Дайын бол жарысқа.
Жүгір, секір қалыспа.
Бір-бірімен жарыста, - дей отыра «Сақиналарды дәл
сал» ойынын ойналық
Шарты: қатты кардонан жасалынған сақиналарды қолдарына
әрқайсысы біреуін ұстап, кубиктердің арасымен өтіп баклажаға дәл салу.
- Өте тамаша балалар!
Добым, добым, домалақ.
Қайда кеттің домалап,- деп үшінші кезең «Допты ұста» ойыны.
Ойын шарты: жерде көптеген кішкене доптар
шашылып жатады, екі топтан екі баладан шығып, қолдарына кішкене қалақша ұстап,
кішкене доптарды қалақшаға салып, доптарды жерге түсірмей үлкен табаққа апарып
салуы тиіс.
-Жарайсыңдар балалар.Сендер не деген ұқыпты едіңдер!
Осымен «Шымыр болсын денеміз» атты
эстафеталық ойыны-сауығымыз аяқталды. Жанымызға спортты серік етейік! Аманшылықта,
бейбітшілікте болайық! Салауатты өмір салтын дұрыс ұстанайық! Келіп, тамашалағандарыңызға
рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!