Текст
Биылғы жылдың 4 тамыз 2017 жылы ауданымыздағы «Білім бөлімінің»
ұйымдастыруымен Жарқайың жазғы сауықтыру лагері «Ақ қайынға» саяхатқа балабақша
бүлдіршіндерін апару арнайы жоспарланды.
«Ақ қайың» лагерінде балаларды толығымен таныстырып әр түрлі спорттық
эстафеталар өткізілді. Сонымен қатар сахналанған қуыршақ театр ертегісін
тамашаладық. Ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Балаларға арнайы арналған батутқа секіріп, әр түрлі әткеншектерге отырып, балалардың көңіл-күйі тамаша болды. «Ақ қайың» лагерінің директоры келген қонақтарға «Балдырған бөбекжай-балабақшасының» бүлдіршіндеріне базарлығын таратты. Таза ауада табиғат аясында тамаша демалып, көңіл күйлері көтерліп, жақсы әсерде демалып барып қайтты