«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баланың балабақшаға бейімделуі

05.09.2017

Баланың

балабақшаға бейімделуі

 

       Ата-аналардың алдында баланы

1,5 жасқа толғаннан кейін балабақшаға орналастыру туралы сұрақ туады.

Психологиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, мұндай батыл талап осы жастағы

балаларға қолайлы кезең емес. Бұл жастағы балалар анасына ерекше жақын болады,

анасының жоқтығы оған қатты әсер етеді. Балабақшадағы тәрбиешілердің қолына

барғанда, олар өзіне жақсы қамқорлық жасалғанның өзінде мазасыздықты сезінеді.

Баланың алғашқы белсенділігі біраз уақыттан кейін эмоционалдық және танымдық

процестің тоқтап қалуына ауысады, яғни баланың психологиялық дамуына жалпы

баяулайды.

 Адамның белсенділігі және

эмоционалдық жағдайы ерте сәбилік кезіндегі тәрбие жағдайына байланысты

анықталады, ондай балалар кейін талаптылығын және белсенділігін көрсете

алмайды. Эмоционалдық жағынан қарағанда үлкен алаңдаушылыққа әкеледі, ол тез

үрейленгіш,көнбіс іс- әрекет және басқа жүйке белгілерімен анықталады. Сонымен

өзінің тұрмыстық жағдайларын шешкен ата-аналар басқа психологиялық жағдайларға

ұрынуы мүмкін.

     Баланы мектепке дейінгі мекемеге

орналастыру психологиялық жағынан қарағанда өткір пікір таласты болып табылады.

Жалпы тәрбие туралы ой тудырушылар бұрынан байқаған, балаға сәбилік шақта

отбасындағы тәрбие төте маңызды. Отбасында балаға ешқандай тәрбиемен

теңестірілмейтін тәрбие беріледі. Балалар психологиясы мамандары да осындай

көзқараста. Тәжірибе мектепке дейінгі жалпы тәрбиеге алаңдатушылық туғызатының

көрсетеді. Әсіресе ол баланы ерте ясли-бақшаға орналастыруға қатысты.

    Сәби жастағы балалардың көпшілігі

өзінің өміріндегі мұндай өзгеріске нашар бейімделеді. Көптеген балалар алғашқы

күндері үйренбеген ортаға мазасызданып, соңнан соң сылбыр және көп сөйлемейтін

жағдайда болады.Бұл анасынан бөліну, таныс емес адамдармен кездесуі,  өміріндегі барлық іс- әрекеттің өзгеруі

кезіңдегі өткір эмоционалдық жағдайдың негізінде болады. Балаларда  аурулардың жиі болуы байқалады. Бұл ортаның

ауысқанымен түсіндіріледі. Ал негізгі себеп- ағзаның қорғаныс қабілетін тез

төмендететін эмоциялық жағдай.

    Отбасы жағдайы баланы

ясли-бақшаға орналастыру керектігін айтса, онда баланы екі жасқа толғаннан соң

ясли-бақшаға орналастыру керек. Екі жастағы балада анасына тәуелділік

сақталмаған, ал таныс емес үлкендерді жатсынбайды. Сондықтан балабақшаға

бейімделу кезеңі шиеленіссіз өтеді. Бірақ ол физиологиялық және жүйкесі

әлсіреген балаларға қатысты емес. Ондай балаларды ясли – бақшаға орналастыру

қажет емес.

Балабақшаға баланың үш жастан орналасқаныдұрыс емес деп есептелінеді.

Балаға бұл жағдай тері әсер етеді. Бұл мектеп жасына дейінгі баланың

психологиялық дамуының ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ерте сәбилік шақтағы

балалар  құрдастарымен қарым-қатынаста

болу қажеттілігі әлі қалыптаспаған немесе әлсіз білінеді. Тіпті бірнеше бала

бір уақытта ойнаған кезде де, ойын әрекеттерін бала жеке орындағанды ұнатады,

яғни бұл «топпен ойын» емес, «жеке ойын».

       Құрбыларымен біріккен

іс-әрекетті қажет ететін мектеп жасына дейінгі баланың басты іс- әрекетінің

маңыздысы сюжетті-рольдік ойын болып табылады. Отбасындағы тәрбие жағдайында

баланыңқ құрбыларымен қарым-қатынас жасауы шектеулі. Балабақшада әр бала

әрқашан құрбылырының ортасында болғандықтан ол олармен ойнайды, қарым-қатынаста

болады және бұл оның дамуына тікелей әсер етеді. Сонымен бірге балабақшада

балалардың мектепке дайындығын қалыптастыратын үздіксіз дамыту сабақтары

өткізіледі. Бұл сабақтардың негізі маңыздылығының рөлі ата-ананың баланың

танымдық дамуына аса көңіл бөлмегендігіне байланысты.

        Сондықтан шешім қабылдай келе қоғамдық немесе

отбасылық тәрбиені мектеп жасына дейінгі бала ала алады. Ата-аналар қандай

жағдайда болмасын осы немесе басқа нұсқаның жағымды және жағымсыз жағдайын

сезінуі керек, жоғары деңгейде бірінші және екіншісін орындауға

        Үйдегі баланы балабақшаға

әкелгенде оңай қабылдау үшін, оған қандай көмек көрсету қажет? Бұл орайда,

ата-аналарға мына кеңестерді ұсынамыз.

        Баланың өзге балалармен

көбірек араласуына мән беріңіз. Балалар саябағына, ойын алаңдарына жиі ертіп

барып тұрғаныңыз абзал. Құмда ойнауға, әткеншекке ұшуға баули жүріңіз. Туған

күн кештеріне алып барыңыз. Онда өзін қалай ұстауын бақылаңыз, ұяла ма,

оңашаланады ма, әлде жанжалдаса ма?

       Төбелеске жақын ба, әлде

құрдастарының тілін тез таба біле ме?

        Балаңыз баратын топтың

тәрбиешісімен алдын ала танысып алыңыз. Балаңыздың  бойындағы жеке ерекшеліктерінен хабардар

етіңіз. Нені ұнататынын, нені ұнатпайтынын, қандай әдеті бар екенін және оған

қандай көмек керек екенін айтыңыз.

Мадақтау мен жазалаудың қандай әдістері тиімді екенін айтыңыз.

Балабақшаға бала алғашқы күндері барып жүргенде, түскі ұйқыға дейін

шектеледі. Кейінірек, баланың ахуалына байланысты, бұл уақыт одан әрі қарай

бірте-бірте ұзара бастайды.

Баланың балабақшадағы алғашқы күндерінде мына жәйтті ескерген дұрыс.

Бейімделу стресі ағзаның қорғаныс күштерін әлсірете бастайды да, бала

ОРЗмен, тамақ аурумен ауыра бастайды. Бұл уақытта, мүмкіндігінше, баланың

иммунитетін күшейтуді қолға алаңыз. Сонымен қатар, топқа алғаш келген бала өзін

қолайсыз сезінеді, эмоциясын сыртқа шығармауға тырысады, бұл ішке салмақ

түсіреді, егер оны уақытында сейілтіп алмаса басты шалығудың себебі болуы

мүмкін. Сол үшін, үйде баламен көбірек жылжымалы қызықты ойындар ойнап тұруға

уақыт бөліңіз.

 

 

Педагог-психолог:   Карин

Ш.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 311


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст