Мақсаты : Салауатты өмір салтын сақтау,
дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу
Қажетті құралдар; кедергілер, секіретін шар, пирамидалар, арқан және ағаш ат .
Жүргізуші:
Қадірменді қонақтар, балалар, балабақша қызметкерлері
!
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауында айтылғандай , «Салауатты өмір
салтын» ұстау қазіргі таңда өзекті мәселердің бірі болып отыр Бүгінгі қоғам мүддесіне
лайықты,жан-жақты жетілген, парасатты,мәдинетті,дені сау азамат өсіру отбасының
балабақшаның жалпы халықтың қасиетті боршы
екені баршамызға аян.
Балабақшамыздың да негізгі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына
қалаулы, ата-ананың мақтаншы,дені сау сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол
азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Бүгінгі сайысқа
«Балапан», «Ақтиын» тобы балалары арасынан екі топ қатысқалы отыр Сайысқа
қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап ,құрмет көрсетіп қоялық.
Жүргізуші.
Бүбірле бақшам,дүбірле
Жақсылық болсын үйіңде
Қуаныш толып жүзіңде
Арнаулы жолдан сүрінбе
Жарыста нағыз мықтылар,
Жеңіске жетер түбінде.
Бүгінгі сайысымыз бөлімнен тұрады.
1 Топтың атын мен ұраны;
2 «Кенгуру» жарсы
3
«Жүйрік паравоз»жарсы
4
«Бәйге» жарсы
5 «Арқан тартыс» жарсы
6 «Пирамида құрау» жарсы.
Жүргізуші
.
Міне, балалар шықты алаңға, Жас спортшылар жеке-жеке команда Ал балалар,
өздеріңді танытыңдар, Естелік, мықтлық, батылдық, көрсетіп табанды «Ура»деген ұранды
ортаға біз тастаймыз, Жарсымызды бастаймыз!
1.Топтың аты мен ұраны
Әр топ өздерінің атымен ұрандарын
таныстырсын.
«Балапан»тобы
Топтың ұраны .Салауатты өмір салтын сақтаймыз,Жаттығудан
ешқашан да қашпаймыз.
«Ақтиын» тобы.
Топтың ұраны
Спортпен достасамыз, жалқаулықпен қоштасамыз
Жүргізуші
Қалам
жұрттың соңында,
Қажет
болса мың атта
Аздық етер оныңда,
Жету үшін мұратқа
2.
«Кенгуру»жарсы.
Шарты ; Үрленген шарлармен кедергілер арасымен
секіріп, белгіленген межеден айналып келеміз .Бірінші жеткен топ осы бөлімнің
жеңімпазы атанады
Жүргізуші.
Тап болып жүрейік,
Ойнайықта күлейік
Достық деген тамаша,
Міне тұрмыз жараса!
3. «Жүйрік паравоз»жарсы.
Шарты; бірінші бала паравоз, қалған
балалар вагондар болады. Бірінші паравоз бала белгіленген жерден өзі айналып
келіп, екінші баланы ертіп айналып келіп, үшінші баланы ертеді, жарыс осылай
жалғаса береді .Жарыс соңында қай топтың паравозы вагондарын жинап мәреге
бірінші жетсе сол топ жеңеді.
Жүргізуші.
Қалам
жұрттың соңында,
Қажет
болса мың атта
Аздық етер оныңда
Жету үшін мұратқа.
4. «Пирамида құра»жарсы.
Шарты ; Сендердің жандарыңда пирамида шеңберлері
жатыр ,сол шеңберлерді алдарыңда тұрған таяқшаға рет-ретмен орнатамыз .Қай топ
бірінші жинап болса сол топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші.
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге
түсіп жарыспай
Ер
өнері білінбес,
Қоян-қолтық
алыспай .
5. «Бәйге»жарсы
Шарты; балаларға ағаш ат беріледі Осы ағаш
атқа бір топтың екі баласынан мініп, белгіден айналып келеді Қай топ бірінші
болып аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші.
Қазағымның
ойыны арқан тартыс
Ежелден келе жатқан, бұл-бір жарыс
Белді буып аянбай, ұмтыл, қатыс
Көтеріп,ең
биікке туын намыс.
6. «Арқан тартыс»жарысы
Шарты ;ортаға арқан беріледі Арқанның қақ
ортасынан бегісі бар. Екі топ арқанның
екі жағынан ұстап белгі бойынша тартысады Қай топ арқанды өзіне қарай тартып
алса сол топ арқан тартыс жарысы бойынша жеңіске жетеді.
Жүргізуші.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектен,
жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Бұл
сайыста ренжімей,.
Жеңіске жеткен топ марапатталады.
Жүргізуші
.
Жарқын,шаттық заман болсын
Сыйластық пен бірлік болып,
Әрқашан
орта толсын.
Эстафеталық ойын жарысының қорытындсы
Топтың аты .
1.жарыс
«Топтың атмен ұраны»
2.жарыс
«Кенгуру»
3.жарыс
«Жүйрік паравоз»
4.жарыс
«Пирамида құрау»
5.жарыс
«Бәйге»
«6.жарыс
«Арқан тартыс »
Қортынды: Салауатты өмір
салтын насихаттай отырып эстафета спорттық ойынын дамыту .