Бабалар мұрасы –ұрпаққа қазына
Жарқайын ауданы
Державин қаласындағы мектепке дейінгі мекемелер, яғни қаладағы балабақшалар арасында
«Ұлы жеңістің 70 жылдығына,Қазақ хандығының
550 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойының қарсаңына байланысты көркемөнерпаздар байқауы өтті .Осы
байқауда Балдырған бөбекжай-бақшасының ұжымы да өз өнерлерін көрсетті.
Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата
–бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату
–біздің басты парызымыз.Ұлдарымыздың батыр,қыздарымыздың әдепті болып қалыптасуы
бабалар мұрасына байланысты емес пе?Қазақ
халқы қашаннан өнерпаз халық екенімізді,
өнерді бағалап, аса қадірлейтінімізді мақтанышпен айта отырып, еліміздің ертеңі
бүгінгі бүлдіршіндеріміздің тәрбиесіне үлесін қосып жүрген педогогтарымыз «Тәуелсіздік
деген не?»-көрінісінен үзінді көрсетті.Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған
ынтымақ,бірлігінің арқасында қол жеткен. «Тәуелсіздік деген не?» көрінісінде әжесімен немересінің әңгімесімен және Қыдыр
бабаның айтқан өсиетімен аяқталды.Ғасырлар бойы тағдыр тәлкегіне ұшыраған халықтарды
құшағына сыйдыра білген қасиетті ұлы
дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына
айнала білді.Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арнап балабақша арулары «Көңілашар» биін
биледі.
Ұлы Жеңістің 70
жылдық мерейтойына арнап сұрапыл соғыс
жылдарында жауынгерлердің рухани рухын көтерген әндерді еске алып, ұжым «Смуглянка» ансамбілімен
өнер көрсетті.
Балабақшамыздың саз маманы Ғазезова Балауса «Ерке -сылқым»күйін тартты .Балабақшамыздың тәрбиешісі Мусина Меруерт «Ата Заңым –асыл
затым, қуатым» өлеңін көркемдеп оқып берді.Сонымен бірге бала-бақшамыздың жас педогогтары заманауи би билеп жұрттың сүйіспеншілігіне
бөленді.
«Ерлік – елге мұра,ұрпаққа
үлгі» бабаларымыздың әрбір жүріп өткен
жолы біз үшін үлгі ,шежіре,тағдыр, тарих.Қан майданда тер төгіп, елімізді
жерімізді жаудан қорғап қалған аталарымыз бізге жеңіс әкелді емес пе? Бүгінгі тәуелсіз,
бейбіт заманды бізге сыйға тартты. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік ,мәңгілік ел
болайық ұранымен «Егемен Қазақстан » әнін
жеке дауыста Жаныбекова Рысжан мен Аяғанова Сапураның орындауында көркемөнерпаздар
байқауына дайындаған концерттік бағдарламаны аяқталды. Осы байқауда ерекше ілтипатқа ие
болып өнерімен көзге түскен «Балдырған»
бөбекжай –бақшасының ұжымы дипломдар алып, лауреаттар аттанды.
«Балдырған» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі
Нұрмағанбетова Әли
я Әуезовна