Пәні: Тіл дамыту
Сабақ тақырыбы: «Үй жануарлары»
Сабақ мақсаты: Балаларды үй жануарларымен таныстыру. Үй жануарларының
пайдасы туралы түсінік беру. Әр жануардың дауысын айыра білу дағдыларын
жетілдіру. Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Әрекеттің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Атам мені «Құлыным» дейді Әжем мені «Ботам» дейді Әкем мені «Шырағым» дейді Анам мені «Қозым» дейді Ал шынында мен кіммін. Мен кәдімгі баламын. |
Бірге қайталау |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Міне, балалар бізді еркелеткенде ата-әжелеріміз, әке-шешелеріміз төрт түлік малдың сүйкімді төлдерінің атын қолданады екен. Ендеше, балалар біз бүгін «Үй жаруарлары» туралы өтеміз. Есімізге түсірейікші. -Қазір қай жыл мезгілі? -Көктем айларын атап беріңдерші? -Қазір көктемнің қай мезгілі? |
Көктем 3 Наурыз, сәуір, мамыр наурыз |
Бейне таспа
Ән: « Қошақаным»
Жұмбақ жасыру |
Бейне таспадан үй жануарлардың дауысын естиміз.Балалар бірінші жақсылап тыңдайықшы. Мынау ненің даусын? Қой қалай дыбыстайды екен? Бізге қой малының беретін өнімі өте көп. Қойдың жаңа туылған төлін қозы деп атайды. Қойдың жүнінен не жасауға болады? Балалар, келесі дауысты мұқият тыңдаймыз. Бұл ненің дауысы? Сиырдыңда бізге беретін өнімі өте көп . Сиырдың төлін қалай атаймыз? Сиыр бізге не береді? Төрт түлік малдың ішіндегі ең шөлге төзімдісі, қаншама ауыр жүк көтеретін не? Түйе малының төлін не дейміз? Сендерді аналарың «Ботам, Ботақаным, Боташым» деп еркелететін болған. Түйе малының өте дәмді, тәтті, сүті бар оны халық шұбат деп атайды. Шұбат адам денсаулығына өте пайдалы. Келесі дауысты мұқият тыңдаймыз. Бұл ненің дауысы? Жылқы адам баласының шаруасына да пайдасы көп. Жылқыны мінсе көлік, жесе тамақ. Жылқы малының еті өте дәмді. Жылқының сүтінен қымыз жасалады. Жылқы малы киелі, сұлу. Жылқының төлін құлыншақ деп атаймыз. Балалар сендер өте жақсы біледі екенсіңдер. Ата-әжелеріміз, әке-шешелеріміз бізді «Қошақаным» деп еркелетеді екен. Ендеше «Қошақаным» әнін орындаймыз.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын мұқият тыңдандар. Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. Үстінде тауы бар, Кезекті бір жануар Енді орнымызға барып отырайық. Мен сендерге түйенің және қойдың суретін көрсетемін. Оны біз қазір мақтамен түрлі-түсті қағазбен желімдейміз.
|
Қойдың дауысы
Мә-мә-мә
Қозы Қолғап, шұлық, киіз үй.
Сиырдың дауысы Мө-мө-мө бұзау ет, сүт, құрт, май береді.
Түйе Бота
Шұбат
Жылқы
Құлыншақ
Бірге
Қой
Түйе |
Қорыту |
- Біз бүгін не туралы өттік? - Үй жануарларын атап беріңдерші? - Үй жануарлары бізге не береді? |
Үй жануарлары Қой, түйе, сиыр, жылқы. Сүт, құрт, қаймақ, ет, шұбат |