Технологиялық карта
Күні:
Білім
беру саласы: таным
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: «Алыс – жақын. Шаршы».
Мақсаты: таңертең (таң) – тәулік бөлігімен таныстыру.
Міндеттері: таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану;
таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен – кіші) және санына қарай (бір – көп)
салыстыруды үйрену; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.
Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Билингвальды
компонент: жақын – близко, алыс – далеко, шаршы – квадрат.
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Ғажайып сәт. Балаларға қорапты көрсетеді. Қораптың ауызы жабық екен, бірақ онда бір нәрсе жатқанын айтады. Қораптың ішінде жатқан затты білу үшін, қораптың сыртында жазылған тақпақты оқу керек екен. Педагог Жақан Смақовтың «Қорқақ» атты тақпағын оқиды. Қоян – қорқақ, Көрпеңді бұқпа. Балалармен ойна, Далаға шық та. Қорқақ, қорқақ, Ұйқыңнан оян, Оян, қорқақ, қоян! –Бұл тақпақ не туралы екен? Тақпақты оқығаннан кейін, қораптан қоянды алып, оның қалғысы келетінін, бізбен бірге тапсырманы орындағысы келетінін айтады. «Алыс – жақын» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 8–оқу іс–әрекеті, 1–тапсырма. Педагог балалар мен қоянға суреттегі бие мен құлындарға қарауын ұсынады. Балаларға сұрақ қояды: –Суреттен нені көріп тұрсыңдар? –Құлындардың түсі қандай екен? –Ақ түсті құлындар биеге жақын тұр ма, әлде алыс тұр ма? –Қара құлын биеден алыс тұр ма, алде жақын тұр ма? Педагог енесінен алыста жүрген құлындарды қоршар сызуларын сұрайды. |
Қызығушылық танытады.
Тақпақты мұқият тыңдаңдар.
–Қоян туралы.
Сұрақтарға жауап береді: –Биені, құлындарды. –Біреуі қара, басқалары ақ түсті құлындар. –Жақын тұр. –Қара құлын алыста тұр. Балалар тапсырманы орындайы. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
«Кім зейінді?» ойыны. (8–оқу іс–әрекеті, 2–тапсырма). –Балалар, қоянның сендермен «Кім зейінді?» деген ойын ойнағысы келеді. Қоян сендерден бірдей суреттерді (қамзолдарды, торсықтарды) бір–біріне сызық арқылы қосып, аттарын атауларын сұрайды. –Балалар, сендер қандай суреттерді бір–бірімен қостыңдар? –Сандықтарды неге қоспадыңдар?
–Балалар, қоянымыз сендерді мақтап жатыр, балалардың бәрі де зейінді, зерек екен дейді. Рақмет, сендерге! Сергіту минуты. «Қоян». Ыршып–ыршып секіріп, Қоян келді кеңкеиіп. Аяқтары жаураған, Қолдары да жаураған, Жылытпақ боп тырысты Жүгірді де қуысты. Бір жоғары, бір төмен Жүр аяқтың ұшымен. Секіреміз, отырамыз, Аяқтарды жылытамыз. «Терезесін жапсыр». Ойын түріндегі жаттығу. Жапсырмалармен жұмыс. 8–оқу іс–әрекеті, 3–тапсырма. Педагог: –Пойызға мініп көргендерің бар ма? Балалардың жауаптарына қулақ асады. Содан соң суретті көрсетіп, пойызда біздің қоянымыз кетіп бара жатқанын айтады. Педагог сұрақтар қояды: –Пойызда келе жатқан қандай аң? –Пойыздың неше вагоны бар екен? –Пойыздың доңгелегі қандай геометриялық фигураға ұқсайды? –Вагондардың терезесі қандай геометриялық фигураға ұқсайды? Сөздік жұмыс: алыс, жақын, шаршы. Билингвальды компонент: жақын – близко, алыс – далеко, шаршы – квадрат. Қоян балалардан жапсырмалардың көмегімен пойыздың терезелерінің шамдарын жағуды сұрайды. Ол үшін жапсырмаларды вагондардың терезелеріне жапсыруды тапсырады. Жеке жұмыс жүргізеді. |
Балалар суретті қарастырады. Бірдей суреттерді бір–бірімен сызық арқылы қосады. –Қамзолдарды және торсықтарды. –Өйткені, сандықтың біреуінің қақпағы ашық, екіншісінікі жабық тұр.
Балалар тақпақтың мәтіні бойынша қимыл–қозғалыстар жасайды.
Балалар сұраққа әртүрлі жауап береді.
Суретті мұқият қарайды.
–Қоян. –Көп. –Шеңберге.
–Шаршыға.
Қайталайды:алыс, жақын, шаршы. Қайталайды: жақын – близко, алыс – далеко, шаршы – квадрат. Терезелерге жапсырмаларды жапсырады. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Қоян балаларға тапсырмаларды дұрыс орындағандары үшін рақмет айтып, қоштасады. Педагог балалардың өзіне жақындауын, сосын алысырақ барып тұруын сұрайды. Содан соң, өздерінен алыс және жақын тұрған заттарды атап берулерін өтінеді. |
Қоянмен қоштасады. Балалар педагогтің айтқанын орындайды. Өздерінен алыс және жақын тұрған заттардың атын атап көрсетеді. |
Жасайды: суреттегі, айналадағы заттардың орналасқан орнын (алыс–жақын) бір–бірінен
ажырату және атап көрсету;
Түсінеді: кеңістікте заттардын орналасуын: алыс – жақын;
Қолданады: жапсырмалармен жұмыс істеу дағдысын; заттарды салыстыруды.