Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Түрлі түсті жіптер.
Мақсаты: Балаларға алақан мен саусақтарымен күн бейнесін салу әдісін үйрету.Саусақ
бұлшық еттерін және қимыл қозғалыстарын жетілдіру.Бояумен ұқыпты жұмыс жасауға
үйрету
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: 3 түсті фломастер, 3 түсті жіптер, әр балаға арналған
жіптердің суреті салынған парақтар, дымқыл қол сүрткіштер.
Сөздік жұмыс: жіп, фломастер.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
- Балалар, «Жіптер әлемі» сендерге түрлі түсті әдемі жіптерін қонаққа жіберіпті. Қолындағы жіптерді балаларға таратып береді. - Қандай жұмсақ, түстері қандай әдемі. - Жіптерді ұстап көріңдер. Нені сездіңдер? Балалар өздерінің не сезіңгендерін айтып беруге тырысады. Педагог жетекші сұрақтар қойып отырады. - Осы жіптерден үстеріңе киетін киімдерді, тұрмыстық заттарды тоқиды. Киімдер және тұрмыстық заттарды суреттен көрсетеді. |
Балалар жіптерге қызығушылықпен қарап, қолдарымен жіпті ұстап көреді.
Суреттермен таныстыру.
|
Ұйымдастырушылық- ізденістек |
- Қолдарыңдағы жіпті тарқатып, қайтадан орауларыңа болады. Бұл іс-әрекетті педагог көрсетеді. - Біз бүгін сурет салатын құралдардың бір түрі – фломастермен танысып, жұмыс жасаймыз. Фломастердің түстері де әртүрлі болады. - Қазір әдемі жіптердің суретін алдарыңда тұрған фломастерлердің немесе майлы қарындаштың көмегіменпарақтың сол жағынан бастап оңға қарай қисыз сызықтар сызу арқылы саламыз. Педагог балаларды үлгі суретпен таныстырады. Балалармен бірге бірнеше рет ауада сызықтар сызып, жаттығу жасап көреді. Сергіту сәті: Кәне, жіпті орайық, Енді шешіп көрейік. Қайта орап жіптерді, Тағы шешіп көрейік. (Ф.Н.) Алдымен саусақтарымен ауада салғызып, сонан кейін үлгіге қарап жұмысты бастатады. Жұмыс барысында балалардың өз алдына жеке әрекеті мен белсенділігіне қолдау көрсетіледі.
«Жіптер әлемінен» келген жіптер балаларға алғысын айтып қоштасады. |
Балалар қолдарындағы жіпті тарқатып, қайта орайды. Фломастермен танысады.
Үлгі суретке мұқият зер салады.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Саусақтарымен ауада сызықтар салады. Балалар фломастерлерді алып, педагогтің нұсқауымен қисық сызықтар сызады. Балалар жіптермен қоштасады. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырылады, жақсы салғандарын мадақтап, жұмысты қорытындылайды. |
Балалар өздерінің жұмыстарын мұқият қарап шығады. |
Күтілетін нәтиже:Біледі: фломастерді пайдаланып сызықтарды дұрыс сыза білу
дағдыларын.
Игереді: түстерді
таңдай білуді, оларды ауыстырып қолдануды.
Меңгереді: үлгі
бойынша ирек сызықтарды сызу әдісін.