«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МӘҢГІЛІК ЕЛ» Ұлттық патриоттық идеясын мектепке дейіңгі мекемелерде «музыка сабағында қолдану

31.10.2017

МӘҢГІЛІК ЕЛ» Ұлттық  патриоттық идеясын  мектепке дейіңгі мекемелерде «музыка

сабағында  қолдану.

 

 

Мухамедрахим Гаухар Есмағзамқызы  baldirgan118@mail.ru

 

«Балдырған» бөбекжай-бақшасы» МКҚК

Ақмола облысы

Жарқайын ауданы

 


         Ұлттық идея – ең алдымен туған

жер, отанға деген сүйіспеншілік негізінде 

ұлттық менталитет, ықылым 

заманнан бері келе жатқан ұлттық құндылықтар арқылы топтастырылған

этностық сезім.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында:

«Мәңгілік ел — ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін

барлығымыз білеміз. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы

ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді… Қазақтың мәңгілік ғұмыры

ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ — мәңгілік

қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы — Мәңгілік ел», — деді.«Мәңгілік

ел» идеясында өскелең ұрпақ тәрбиесіне баса мән берілген. Осы тұғырлы идеяны

қалыптастыру үшін ең алдымен ұлағатты тәрбие мен сапалы білімнің қажеттілігі

анық көрсетілген. Мектепке дейінгі білім беруде жас ұрпақтың бойына сіңіретін

тәрбие ең алдымен ұлттық құндылықтарға негізделе жүргізілген абзал. Оның ішіне

рухани-адамгершілік қасиеттері мен отаншылдық сезімнің ұдайы дамып отыру

бағытындағы іс-әрекеттер кіріктірілуі тиіс. Балабақша қабырғасынан бастап,

отан, ел, жер ұғымының киелілігін білу, ұлттық құндылықтардың оның ішіде

салт-дәстүр, менталитет, тарихтың маңызын бойына сіңіріп өсіру ең басты қағидат

болуы қажет.  М.Шаханов айтқандай төрт

ана үшін күресуге белді бекем буған ұрпақ елі үшін аянбайды. Қазіргі кездегі

күрделі мәселенің бірі болып отырған ана тілі де бала үшін асыл қасиет екенін

ұқтыру баршамыздың міндетіміз. Мектепке дейінгі музыка сабағының басқа пәндерге

ұқсастығы мен өнер сабағы ретінде айырмашылығы бар. Оның басқа пәндермен

ұқсастығы мынада: оқу жоспарына енгізілген барлық пәндердің негізгі

мақсатындағыдай жан-жақты дамыған жеке тұлганы тәрбиелеуінде кез-келген

сабақтың жоспарын құрастырудағыдай психологиялық, педагогикалық заңдылықтарга

сүйеніп, балалардың жас ерекшеліктеріне тән олардың қабылдауы, ақыл-ойы, қиялы

ескерілуінде; оқытудың барлығы жалпы дидактикалық принциптерге негізделіп

құрылуында; музыканың басқа пәндермен байланысында; әртүрлі  іс-әрекеттерді мақсатты қолданьш, сабақтың

бүтін өтуінде; оқытудың негізгі әдістерін қолдануында тәрбиеші тікелей музыка

сабағында атқаратын орыны зор.Жалпы балабақшадағы қойылатын музыканың мақсаты

балаларды рухани азығының қажетті бөлігі музыкалық мәдениетін тәрбиелеу. Баланың

музыкамен айналысуындағы алғашқы қадамы отбасынан басталады. Ол теледидардан

балаларға арналған мультфилімдер мен музыкалық хабарларды көріп, музыканы

тыңдау арқылы эмоционалды әсер алады. Ол музыка тыңдай отырып, ырғағына сайкес

қимылдар жасап, әуенін орындап қуанышқа бөленеді. Егерде бала мектепке дейін

бала бақшасында тәрбиеленсе, онда баланың эмоционалды қабылдауы, музыкалық есту

қабілеті, ән айтуы, музыкалы-ырғақтық қимылдар жасауы, балаларға арналған

аспаптарда орындауы сияқты бастапқы дағдылары дамиды. Балабақшадағы музыкалық білім берудің басты міндеті –

балалардың музыканы тыңдаушылық мәдениетін қалыптастыру. Өйткені, бүгінгі

күннің баласы болашақтағы өзінің қызығушылығы мен талғамын білдіретін тыңдаушы.

Ғылыми техникалық прогрестің жетілуі музыка тыңдаудың мүмкінідіктерін

кеңейтуде. Қазіргі уақытта техникалық құрал жабдықтарды қолдану арқылы

балалардың музыка тыңдауға жағдайлар жасалынуда. Музыка білімнің құрамына:

хормен ән айту, музыканы қабылдау, музыкалық сауат, музыкалы-ырғақтық қимылдар,

балаларға арналған музыкалық аспаптарда орындау сияқты әр түрлі іс-әрекеттер

кіреді. Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан

балада музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би

билеу, аспаптарды тану қабілеттері бірте - бірте қалыптасады. Ал, балабақшаға

қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын

қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты ісі

болғандықтан мектепке дейінгі мекеме педагогі  жас ұрпақты жан- жақты дамытып, тәрбие беріп,

оның өмірге, еңбекке даярлау бала тәрбиесі жайында отбасына көмектесу

педагогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты, әрі қадірлі

қоғамдық міндет атқарып келеміз.Біздің балабақшамыздың бүлдіршіндері

аудандық,облыстық  конкурстарға қатысып

жүлделі орындарға  ие болып

отырады..«Әнші-биші балапан» вокалдық конкурсына қатысып жүлделі ІІ орынға ие

болды. «Бақытты балалық шақ» конкурсына біздің балабақшамыздың тәрбиеленушілері

қатысып,  «Алтын дауыс»иегері атанды. Қазақ  өнер жұлдыздарының  бірі театр майталманы  Ш.Айманов «Театр- адамдарды туыстық

қарым-қатынасқа тәрбиелейтін орта, сахна өнері-тіл жетпес құдіретті өмір

шындығын білу, яғни  адамның сахнаны

сүймеуі мүмкін емес» деп айтқандай 

балалар кішкентай  кезінен сахнаны

көріп, өздері  түрлі ертегі кейіпкерлерін

ойнау арқылы сахнаны  танып біліп қана

қоймай, образға кіріп ойнау арқылы сахна құдіретін сезінетінін өзім әдіскер

ретінде бақылап жүрмін. Осы драма сабақтары арқылы мектеп жасына дейінгі

балалардың тілі дамып, сөздік қорлары толығады, байланыстырып сөйлеуге

дағдыланады, дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады, театр

өнеріне деген қызығушылықтары артатынын күнделікті ұйымдастырылған  оқу іс-әрекеттерінен  байқап жүрмін. Біз  балабақшада 

драма сабақтарындағы  ертегілерді

түстен кейінгі уақытта үйірме жұмыстарында 

ары қарай жалғастырып, ертегілерді,  

музыкалық қойылымдарды орта топ пен ересектер тобының тәрбиеленушілері

арқылы сахналаймыз.Мұндағы мақсатымыз: мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық

қабілетін театр түрлерін қолдану  арқылы

дамыту болып табылады.Сол арқылы балалардың тіл байлығын арттырып, сөйлеу

мәдениеті мен дүниетанымын дамытып, балаларды адамгершілікке тәрбиелейміз.

Театрлық іс-әрекетте ертегілерді пайдалана отырып, балалардың ой-өрісін

дамытамыз, сонымен бірге көркем шығармаларға деген қызығушылықтарын  арттырып, ертегіні тыңдай білуге ,есте

сақтауға, түсінуге, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білуге

үйретеміз..Балабақшадағы балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, ертегі

қойылым, жалпы сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын арттырамыз.Ертегі

қойылымдарын үйірме жұмыстарында сахналауға үйрету кезеңдерінде балалардың  ертегі кейіпкерлерін ойнау арқылы өзара

сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген

сүйіспеншілігін арттырамыз. «Біз 

өнерлі  өрендерміз» үйірме  жұмыстарындағы  дайындаған 

«Мақтақыз  бен  мысық» музыкалық  қойылымы «Мектеп жасына дейіңгі бала

дамуындағы іс-әрекеттік тәсіл Қазақстан Республикасының МЖМБС жүзеге асыру

құралы ретінде» Республикалық қашықтық байқауының жеңімпазы атанып,ІІІ дәрежелі

дипломмен иелендім. «Мақтақыз  бен  мысық» қазақ 

халқының  ертегісін ересек тобының

тәрбиеленушілері   желісімен  музыкалық 

қойылым  арқылы көрсетіп,балалар

өздеріне  берілген  рөлдерді 

музыка ырғағына  сай бірге  орындап шықты. Мәңгілік ел идеясы ең алдымен

болашақ ұрпақ үшін екенін ескерсек, елімідің мәңгілік болуы жолында халқымыздың

гүлденуі басты орында. Оған ең алдымен ұрпақтың құнды тәрбиесі мен сапалы

білімі жол ашады. Сондықтан да танымдық шаралардың барлығы осыған бағытталуы

қажет. Төл тарихымыздың ақтаңдақ тұстарын балабақша тәрбиеленушілеріне жасына

сай түсіндіріп, бойына сіңіріп отыру қажет. Бабалар ерлігін, даңқты істерін

үнемі насихаттап отыру қажет. Тарихи тұлғалар жайында айту, электронды құралдар

арқылы көрсету, тарихи оқиғаға байланысты ойларын айтқызу, қиялын шарықтату

отаншылдыққа баулудың мағыналы жолы. Тарихи тұлғаларға еліктеуге, хакім Абай

айтқандай «болмаса да ұқсап бағуға» тырысуға бағыттау өзі нәтижесін береді.Балалардың

ұлттық санасын оятуға, бойындағы мәліметтерін дамытуға байланысты шаралар

өткізгенде барынша нақты іс әрекеттер жасау керек. Ұлттық киім, құнды

жәдігерлер туралы үнемі айту, соларға қызықтыру, оны шынайы өмірмен

байланыстыру т.б. әрекеттерді жиі қайталап отыру қажет.Балаларды бір-біріне

сұрақ қойдыртып, диалогқа шақыру, ынтымақтастық орта қалыптастыру олардың

келешек білім алуына даярлануына ықпал етеді. Әсіресе кері байланыс міндетті

түрде болуы қажет. «не үйрендің?», «қайсысы саған қызықты болды?», «сеніңше

қалай болуы керек?» т,б сұрақтар жиі қойылуы шарт. Бұдан бала ұлттық

құндылықтың маңызын түсінеді, қызығады. Өзіне не қажет екенін пайымдайды.Қорыта

келгенде Елбасымыз айтқандай Мәңгілік ел болашағы – білімді ұрпақ, саналы

жастар. Осы тұрғыда ұстаз қауымының атқарар ісі көп, оны парыз деп білуіміз

керек. Алдымызда ұлттық құндылықты бойына сіңірген, отансүйгіш, елі мен жерінің

қамы үшін аянбайтын, білімді, иманды, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу, оларға бағыт

бері міндеті тұрғанын әрдайым жадымыздан шығармауымыз шарт.

 

Просмотров: 435

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст