Психолог кеңесі
Агрессивті бала - бұл мәселені қалай шешуге
болады?
Бүгінгі күнде балалар бойында да агрессия пайда
болуда. Агрессия дегеніміз – қоршаған ортадағы адамдарға зиян келтіру, тұрақты
жағдайларға қарсы тұратын мінез, адамдарға психологиялық тұрғыдан зиян
келтіруші күш. Балалар агрессивті болып
туылмайды, олар өзгелермен қарым-қатынас және отбасылық өмір арқылы
қалыптасады. Қазіргі педагогтардан «Бүгінгібалалар өзгеше қиын, сөз тыңдамайды»
деген сөздерді көп естиміз. Жалпы,
балабақша
психологымен бірлесе отырып агрессивті балалармен түзетужұмысын жүргізуді қолға
алу керек. Әрине, агрессия кенеттен пайда болмайды. Ол адамдар арасындағы
әртүрлі қарым-қатынастар мен қорқытулардан пайда болады. Агрессивті балалар
айналасындағы адамдарға ашуланып, ызаға булығып, кектену арқылы зиянын
тигізеді. Бүгінгі таңдағы теледидардан көрсетіліп жүрген кинолар мен
бейнефильмдердегі шектен шыққан зорлық-зомбылық, қатігездік, күш көрсету
балалар бойындағы агрессияның артуына себеп болатынын ғалымдар дәлелдеді. Олардың
агрессивті болып өсуіне компьютер ойындары да ерекше ықпалетеді. Компьютер
ойындарындағы жағымсыз кейіпкерлер (өлтіру, азаптау, атыс ойындары) балалардың
агерессивті болып өсуіне жол ашады. Ондай ойындарды көп ойнайтын балаларға
өздері сәтсіздікке ұшыраған сәтте күш қолдану арқылы жеңуге ұмтылу оңай болып
көрінеді. Сондықтан да балаларды компьютер ойындарынан шектеу қажет.
Балалар көп жағдайда өзіне көңіл аударту үшін де
агрессивті қылық көрсетеді. Оларды ондай мінез көрсеткені үшін жазалаудан
аулақболған жөн. Агрессивті мінез көрсеткені үшін жазаласаңыз, олашу-ызасын
сіздің алдыңызда көрсетпей ішінде сақтауы мүмкін. Ал, ашу-ызаны іште сақтау
бала психологиясына өте үлкен зиян келтіреді. Бала агрессияны бағындыра
алмайды, сондықтан онымен ыңғайлы қарым-қатынас құра отырып, агрессиялы күйін
басқа жағымды бағытқа өзгертуге тырысу керек. Агрессивті балаларға көбірек
психологиялық көмек көрсетіп, әртүрлі ойындар ұйымдастыру арқылы олардың
сеніміне кіріп, агрессивті күйден арылуына көп мүмкіндік жасауға болады.
Егер
қандай да бір агрессивті қылық көресеткені үшін ата-ана баланы қатаң жазаласа,
ол өз ыза-ашуын ата-ана алдында көрсетпей ішінде сақтауға үйренеді, бірақ бұл
оның басқа жағдайда агрессивті қылық көрсетпейтініне кепіл бола алмайды.
Балалар көп жағдайда барлық назарды өзіне аудару
үшін де агрессивті қылық көрсетеді.
Ата-ананыңбала не айтса да көнгіштігі, шешім
қабылдауда сенімсіздігі, мінез жұмсақтығы баланың бойында «айтқанымды
істетемін» деген агрессивті әрекет туғызады.
Агрессивті
балалардың ата-аналарымен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарын төмендегі схемадан
көруге болады.
Сондықтан
агрессивті балалардың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс
жасалуы қажет:
1.Агрессивті
балалардың өз ашу-ызасын басқаға зияны тиіп кетпейтіндей күйде төмендетуге
үйрету.
2.Балаларды
әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай алуға, іс-әрекетіне бақылау жасап, өзін-өзі
басқару әдістеріне үйрету.
3.Дау-дамай
жағдайларында жағымды қарым-қатынас жасай алуға дағдыландыру.
4.Адамдарға
сену, жаны ашу (эмпатия) сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
Агрессиялық балаларға арналған ойын.
«Эмоциялық сөздік»
Мақсаты: баланың эмоциялық саласын дамыту.
Мазмұны:балалардың алдына әртүрлі эмоциялы
жағдайлары көрсетілген карточкалар жиынтығын жайып қойылады.
Балаға төмендегі
сұраққа жауап беру ұсынылады: «Карточкаларда қандай эмоциялық жағдайлар
келтірілген?» Содан кейін баладан өзінің осындай жағдайларда қашан болғандығын
есіне түсіруі сұралады. Ол өзін осындай күйде қалай сезінді. Сол күйге тағы да
түскісі келеді ме? Осы карточкалардағы жағдайлардың тағы қайсыларында сен бола
аласын? Кел соның суретін салайық. Балалардың өмірден келтірген мысалдарының
барлығын да ересек адам жазып отырады. 2-3 аптадан соң осы жаттығуларды
қайталауға болады, осы тұста балалардың ертеректе болған жағдайлары мен жаңадан
пайда болған күйлерін салыстыруға болады. Мына сұрақтарды қоюға болады: «2-3
апта өткенше қандай жағдайлар көбірек болды: жағымды ма әлде жағымсыз ба? Ал
сен, жағымды, жақсы жағдайлар көбірек болуы үшін не жасар едің?»
«Менің өте жақсы
попугайым»
Мақсаты: эмпатия сезімін дамытуға себебін
тигізеді, топта ойнай алуды білу.
Мазмұны: Балалар шеңбер бойында. Жүргізуші:
«Балалар! Бізге қонаққа попугай ұшып келді. Ол бізбен танысып, ойнағысы келіп
отыр. Қалай ойлайсыздар, оған бізбен ұнауымызүшін және ол тағы да келуі үшін
біз не істеуіміз керек?». Балалар: «Онымен мейірімді, жайлап сөйлесу керек»,
«Оны ойынға үйрету керек т.б.» Жүргізуші балалардың бәріне плюштен жасалған
жұмсақ ойыншық попугайды өте сақтықпен ( қоян, мишка т,б.) береді. Ойыншықты
алған бала, оны құшағына қысып, сипалайды, жылы-жылы сөздерді айтады, оған
мейірімді ат қойып, оны басқа балаға береді.
Ойынды жай темппен өткізген жөн.
«Үштоғыз
жердегі патшалықта»
Мақсаты: эмпатия сезімін қалыптастыруға, бала
мен ересек адамдардың арасындағы өзара түсүнушілікке себін тигізеді.
Мазмұны: ересек адам мен бала (бала мен анасы,
тәрбиеші (мұғалім) және бала т.б), қандай да бір ертегіні бірігіп оқиды, үлкен
қағазға кейіпкерлерді және есте қалған оқиғаның суретін салады, содан соң
ересек баладан оның қай жерде болғысы келетінін салынған суреттен көрсетуін
сұрайды.
Бала
өзінің «ертегіде» қайда болғысы келетіні суреттен көрсете отырып айтып береді.
Ересек адам сурет сала отырып, балаға сұрақтар
қояды: «Егер ертегінің кейіпкері саған мынадай ...сұрақ қойса, онда сен не деп
жауап берер едің?», «Кейіпкердің орнында сен не істеген болар едің?», «Егер
ертегінің кейіпкері осы жерде болса сен не сезінер едің?»
«Балдырған» бөбекжай-бақшасы»
МКҚК–ның педагог-психологы: Ш.А.Карин