«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баяндама Тақырыбы: «Ойын арқылы бала тілі дамыту»

07.11.2017

Баяндама

   Тақырыбы: «Ойын арқылы бала тілі дамыту»

Бала өмірінің алғашқы

мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты  кезең. Баланың ақыл- ой қабілеті,қасиеттері және

эстетикалық сезімдері қызықты,мазмұнды сабақ,еңбек,ойын процесінде жан-жақты қалыптасады.

Бала әрқашан,барлық жерде -бала. Бала үшін ойын өз тәжірибесін, өмір мен

адамдар туралы түсініктерін тексеріп,үлкендер 

араласпайтын,өзі қалаған нәрсесін жасай алатын өзінің жеке,тәуелсіз,таңғажайып

әлемі.

Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту,дамыту процесінде ойынды қолдану баланың

тілін дамытып, сөздік қорын байытып,ойын толық жеткізе біліп,өзіне сенімді тұлға

болып қалыптасуына ықпал ететін анық.Сондықтан балалардың тілін,сөздік қорын

барлық іс-әрекеттерде ойын арқылы дамыту қажет.Баланы дамытуда

ойынды,дидактикалық тапсырмаларды өздерін қатыстыра отырып жүргізгенде ғана

жетістіктерге жетуге болады.Өйткені ол барлық нәрсені өзі көріп.қолымен ұстап,ол

туралы толық мәлімет алғанды қалайды. Бала дамуының ең биік шыңы ол бала

денсаулығы,сондықтан бүлдіршінді шынықтырып 

сауықтыратын ойындарды.жаңа технологияны,сонымен бірге ата-бабамыздан мұра

болып қалған әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдаланудың маңызы зор. Мәселен,,

«Уалай»ойынында балалар өзінің қолына,аяғына массаж жасай отырып бұлшық еттерін

шымыр етуге,сол қимыл-қозғалысты өлең сөздерімен әндете отырып айтуға үйренеді.

Ойын  барысында кілемшеге жайғасқан

балалар алақандарымен тізелерін уқалайды:

-Уалай –уалай,анамның аты пиалай,

-Уалай-уалай,Асылжнның анасының аты кім екен –ай»-дей отырып,оған жауапты толық

айтуға.ата-анасының есімдерін,оларға деген мейірімділігін көрсете білуге тырысады.Бұл

ойында баланың сөздік қоры молайып,есте сақтау қабілеті артып,отбасында деген

сезімдері күшейе түседі.

Халқымыздың «Айгөлек», «Ханталапай», «Асық», «Күш сынысу», «Тақия  тастамақ», «Арқан тартыс»тағы басқа ұлттық

ойындары балалардың дене бітімінің ғана емес,ақыл-ойының жаттықтырушысы.Әрбір

ойын барысында ойынға танымдық 

тапсырмаларымен қатар баланың тілін дамыту,сөздік қорын байыту жұмысын үйлестіре

жүргіземін. «Дәл осындай  затты тауып

атап сипаттап бер»  «Салыстыр да атын

ата» ойындарында балалар заттарды талдаумен қатар әрбір зат туралы өлең тақпақ

айтып,тағы қандай зат бар деген сұрақтарға жауап береді. Тамақтану

барысында-ойын элементтерін ендіру арқылы балалардың ойнап,талдай білу

сезімдерін оятамын. Мысалы: сорпа-ыстық,сусын-салқын,тамақ-дәмді,лимон-қышқыл

т.б.Балалардың өз бетінше  ойын барысында

тіл мен сөздік қорын дамытуға әсер ететін үстел үсті ойындары  лото,суреттерді пайдалануға болады.

Бала саусағын ойната отырып, тілін

дамыту.

Саусақ ойыны-бұл ұрпақтан –ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні

бар мәдени шығармашылық.Бұл саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні

немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.Саусақ ойыны арқылы баланың

сөйлеуге деген талпынысы,қабілеті дамып,ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне

жол ашады.Саусақ ойынын ойнай отырып,балалар қоршаған ортадағы заттар  мен құбылыстарды,жан-жануарларды,құстарды және

ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады,шаттанады,сөз

шумақтарын қайталап айта отырып,есіне сақтайтын болады.Саусақтармен  отбасы ойынында ойнауға болады.Саусақ ойынын

балабақша және үй жағдайында әсерлі,көңілді түрде ұйымдастыруға болады.

Сонымен  бірге халық арасында кеңінен

тарап жүрген  «Қуырмаш»  ойыны да саусақтардың

нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған. Баланың тілін дамыту жұмысы баланың

барлық іс-әрекеттерінде іске асады.Соның бірі баланың ойын қызметінеде қолданылатын

ережелі қозғалысты ойындар.

Ережелі ойындардың түрлері көп.Олар сюжеттік ойынға жақын,тек бейне ұқсастығы

жоқ,жарыс түрінде жеке және топтасып жүргізіледі. «Мысық тышқан», «Бәйге»,

«Поезд» және эстефеталық ойын-жарыстар.

Ойын –оқыту,өсіру,денсаулықты нығайтумен қатар тәрбиеге дағдыландырады,өмір сүру,айналасына

қайырымды,адал болуға,қиналған кезде қол ұшын беруге  тәрбиелейді.Басқа  адамның сөзін тыңдауға, қуанышын бөлісуге,кішіге

қамқор болуға,не жақсы, не жаман екенін айыра білуге баулу үшін сахналық

ойындарды пайдаланған орынды.

Сюжетті ойын

Мақсаты: Балаларды тазалыққа,іскерлікке баулып,ойлау қаблеттерін дамытып,сөздік

қорларын байытады. Балалар үлкендерше қуыршақпен ойнау арқылы қарым қатынас

жасауға,жансызға жан бітіре сөйлеуге,өзінің ойын анық жеткізе білуге үйренеді.

Ойынның тәрбиелік мәні арқылы

–баланың шыншыл болуы,тәрбиешісін,ата-анасын,қасындағы балаларды  сыйлауы,жақсы көруі,қоршаған ортаға  қызығушылықпен қарауы-біздің бөбектеріміздің  болашағына жарқын жол ашады.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 761

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст