«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Алтын күз"

08.11.2017

                                      Алтын күз

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз

өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй

орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту,

бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата -

аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Жүргізуші:

Соңғы

шуақ төгіліп, салқынданып тұр аймақ,

Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап.   


Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз

Жер қызығын қиялмай, маужырап тұр сары күз.

Қуаныштың ағайын

Қоңырауын қағайын

Қуандырып біздерді

Өлкемізге күз келді!

 Ендеше не тұрыс

Болмасын жан қалыс

Тойлайық, күлейік

Қуанып билейік!

Би "Жапырақтар" (Дильназ,Алсу,Ақмаржан,Мөлдір,Аида)

( Қыздар шығып көңілді би билейді. Би аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды)

1 - бала: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!

Басым айналып барады!

(Басқа балалар көмектесіп, демейді)

2 - бала: Енді, енді не етеміз?!

(Құлаған баланың атын атайды) қалай көмектесеміз?

3 - бала: Сабыр сақта, саспайық

Дәрігер шақырайық!

1 - бала: Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!

Қазір өзім тұрамын тез!

- Ах!

Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы

естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)

Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар,

Қандай шағым, арыздар бар?

Бәрі бірге: (Әлсіреп құлаған баланы атайды) дәрігерлік көмек керек!

Дәрігер: Қазір қарап шығайын,

Дәрігер: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)

Тістерің орнында, тамағың іспеген

Білдім, неден ауырғаныңды...!

Дәрумендер жетіспеген!

1 - бала: Енді не істеймін?

Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,

Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..

6 - бала: Қазір күз мезгілі түсті ғой,

Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!

Қоймаға қоңырау шалайық

Күз өнімдерін осында алдырайық!:

Дұрыс айтасың! (Қалта телефонымен қоңырау шалады)

- Алло, алло! Қойма ма?

Бізге жемістер мен көкөністер керек

(Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді

«тиеп» алып келеді)

Дәрумендер:

Көкеністер,жемістер

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жатқа біліп қой

Оларды сен жақсы көр.

Дәрігер (Мағжан ):

Дәрумендер табиғи

болғаны дұрыс,

Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырысыңдар балалар!..

Бойға қуат нәрі

Таптырмайтын дәрі

Өнімдерді ортаға ала

Тойлайық енді шаттана!

Ән «Алтын күз» хор

Тақпақтар

Сәбилер де алғыр жан

Бал дәуреннің қызығын

Есте қалар балдырған.

Кезегімізді өлең шумақтарға берейік.

Мөлдір:

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады биздерди

Аида:

Сау-сау етіп жапырақ

Сабағынан үзілді

Қоңыр тартып атырап

Көкке құстар тізілді.

Алсу:

Жемісі мол теретін

Күз дос бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Ақмаржан:

Алтын,сары,қызыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Дильназ:

Берекелі ,мерекелі,

Келді жомарт алтын күз,

Қалада да, далада да,

Жанның бәрі жарқын күз.

  Жүргізуші:  Қане, балалар, осындай

молшылық күз айында бір ойын  ойнап

жіберейік. Ол ойын «Шалшықты айналып өт» деп аталады.

Жүргізуші:

Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.

Би:Полька
Ойын:«Жаңбырдан қорықпаймыз»

Жүргізуші балалармен:

Жаңбыр, жаңбыр, жау, жаңбыр!

Жаңбыр келіп жауады

Тамшылары тамады.

(Әннің ырғағымен балалар жүгіріп ойнайды, Бұлт

орындықта отырып ұйықтайды. Бұлт балалардың даусынан оянып, оларға су шашады,

сол кезде балалар қолшатырдың астына тығылады. Екі – үш рет ойнағаннан кейін

орыңдарына отырады).

Тақпақтар:

Әмір:

Қуандырып биздерді

Кел жемісті алтын күз,

Өлкемізге күз келді

Кемелденсін халқымыз.

 Алмас:

Алтын күз,алтын күз

Күтеміз сені біз

Төрініз сіздікі

келіңіз,келіңіз

Мирас:

Күн суытып

Жапырақтар түсіді

Астық- жеміс  жиылды

Қамбамызға құйылд

Данияр:

Жайдарлы күз,жарқын күз

Аяулы күз,алтын күз

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқар күз.

Нариман:

Сары ала тон жамылған

Күз атамыз секілді,

Қойны толы дәнді нан,

Тәттісі көп не түрлі.

Маулен:

Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Дамиан:

Тоңазып атырап

Көк жеміс піседі

Сарғайып  жапырақ

Саудырап түседі.

Күз жомарт дейміз біз

Жемісін жейміз біз.

Жүргізуші:

Теңіздей

тербетіле көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.

ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.(Вальс биі)      

  Ойын :«Қолшатыр» Ата-аналар мен балалар

Тәрбиеші: Қане онда.....

Қызықтайық бірге, сүйінелік,

Қолшатырлы қыздар әніне еріп!

Ән: «Жау,жаңбыр»


 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 321


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст