«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мерекелі берекелі Алтын күз.

14.11.2017

                         

Мерекелі  берекелі  Алтын күз.

Мерекеге сай безендірілген залдың

сахнасына   түрлі - түсті жапырақпен

жазылып, гүлдермен әшекейленеді. (Музыка әуенімен ортаға жүргізуші шығады.)

1-Жүргізуші:Армысыздар ата-аналармен,қадірлі қонақтар, бүлдіршіндер. Бүгін   « Мерекелі 

берекелі Алтын күз» құрметіне арналған мерекеге қош келдіңіздер.

Келді міне алтын күз

Сары шашты жарқын жүз

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

2-Жүргізуші:

Алдымен

сендерге жұмбақ жасырамын,ата-аналармен бірігіп шешейік.Таба алсаңдар  шешімін қонағымды ортаға шақырам.

Жұмбақ: Жиім-терім болатын,

                Қамбаға астық толатын.

                Қызыл қырман ойнайтын,

               Бұл қай мезгіл деп ойлайсыңдар?

Дұрыс бұл күз мезгілі. Ендеше уәде еткендей ортаға қонағымыз

Алтын күз ханшайымын қошеметпен шақырайық! (ортаға  Алтын күз ханшайымы келеді)

Алтын күз : Сәлеметсіздерме, балалар!  Сәлеметсіздер

ме қонақтар!

Мен –Алтын күзбін, жайдарлы жарқын күзбін.

Қонаққа келдім сендерге,оған достым таң қалма!

Жапырақтар да бар сиқырлы,ойын ойнар түр түрлі. Жұмбақтар

бар қыр-сырлы.

 Алтын күз: ата -  аналармен балаларға жұмбақтары.      

1-Жүргізуші:Рахмет,саған Алтын күз!қарсы аламыз сізді біз. Отырыңыз жайғасып.

Алтын күз: Өте жақсы балалар,енді мен сендердің өнерлерінді тамашалап көрейін  

2-Жүргізуші:Ал ендеше балалар, бекер қарап тұрмайық қонағымызға өнерімізді ұсынайық.

                    

Жиылған қауым, армысыздар, бәріңіз!

                     Келіп жетті алтын дәнді

сары күз.

                     Бірге болып қуанышта

бәріңіз

                     Бізбен бірге шаттық әнін

салыңыз.

Хормен  ән  «Кап-

кап- ,тук -тук- тук»

І-«Кап-

кап- ,тук

-тук- тук»

Тереземді  кім қақты?

Таңертең жаңбыр жауды

Балаларды оятты.

ІІ- Кап-кап, дон-дон-дон,

Тамшылар тамып жатыр

Егер  шықсан далаға

Қолшатырды  ұмытпа.

 

 

ІІІ-Кап –кап, тук-тук-тук,

Көнілді жаңбыр жауды

Таңертен біз тағыд

Серуендейміз 

далада.

1-Жүргізуші:Күзде өздері пісетін, асымызға түсетін мақтанбақшы сіздерге, көкөністер мен

жемістер Біздің балалар күз

мезгілі жайында жаттаған тақпақтарын айтып береді.Қошеметпен қарсы

алайық.

                          Тақпақтар:

Амиралй: (күз)

Күзім

–ау,күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың

сіркіреп

Келгенің қызық-ау.

 Нұрсәт:(қызанақ)

 Піскен кезде қызанақ

 Көз тартар қызыл түсімін

Барма адам

сүйсінбей,

Ішпеген

томат шырынын?

Әмиірлан: (қияр)

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде

Жаңа піскен кезімде

 Жейді бәрі сүйсіне.

Нұралй: (алмұрт)

Мен алмұртпын,алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттын.

Арнұр (сәбіз )

Өсіретін бойынды

 Дамытатын  бойынды

 Қоянға да азықпыз

 Сәбіздерміз жазықсыз

Расул (қырыққабат)

Мені қосса самсаға,

Жейді бәрі тамсана

 Арлан (қызылша)

Ал,балақай біліп қой,


 Қызылшамын

пайдам бар.

Абдуллах (пияз)      

 Болса да ащы,

 Дәмді етер асты.

 Өседі ол жерге

Тығып алып басты.

Айтуар( шабдалы)

Пісетің кезде дәл

күзде

Ұнаймын және бәріңе.

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен

балалар.

Ернар

(Алма)

Мен алмамын, алмамын,

 Күннің көзін сүйемін.

 Бау- бақшада көрікпін

Талды  бойлай өріппін

 Жүргізуші:

Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

Мерекелік  күзгі  

сән үлгісі н тамашалайық

(Қыздар сән үлгісіе

көрсетеді)

2-Жүргізуші:Ой,алақай,тамаша,                                                

                         Шашу шашты жапырақ.                                     

                        Бақтын

іші алаша,                                                

                        Аунар ма едім жатып ап.

«Жапырақ биі»Ортаға

қыздарымызды шақырайық.

1-Жүргізуші: Ойын Ата-аналармен " Өтірік өлең "күз, көкөніс, жемістер туралы, құрастыру.

2-Жүргізуші:

                     Бірге болып қуанышта

бәріңіз

                     Бізбен бірге шаттық әнін

салыңыз.

Ал енді хормен «Жау

жаңбыр»әнің  қабыл алыныздар.

І-   Жаңбыр   жауды көлдетіп

     Ағаштарға су тиді

     Жаңбыр, Жаңбыр

соқпашы

     Ойнайықшы тоқташы

ІІ-  Жүгіре, жүгре  су болдым

       Жаңбыр қандай

е-е-е

       Жаңбыр, Жаңбыр

соқпашы

       Ойнайықшы тоқташы.

1-Жүргізуші: Көкөністер бәрі де ,

                       

Денсаулыққа пайдалы.

                        Мұны жатқа біліңдер,

                        Оларды жақсы көріңдер.

2- Жүргізуші:

Ортаға балаларымызды шақырайық, бізге көкөніспен жемістер биін билеп береді.                

Алтын күз:Керемет!Қандай тамаша!Балалар менің басқа да,бүлдіршіндерге баратын уақытым

болыпты. Мен енді кетейін,сау болып тұрындар балалар!Келесі кездескенше!           

1-Жүргізуші: Уақыт болған сияқты.Ал,бүгінгі «Алтын күз»ге арналған Балапан  тобының мерекесіне уақыттарыңызды бөліп

келгендеріңізге балалардың атынан алғысымды айтамын.Сіздерге күздей молшылық,Алтындай

ден саулық тілейміз.

-Осымен «Алтын күз»мерекесі аяқталды,Сау болыңыздар! 

 

 

 

 

Просмотров: 599


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст