Сыйқырлы Жаңа Жыл
Ертегіші: Мейірімді ертегілер, сиқырлар, кереметтер уақыты. Мен
сендерге, өз сағатын көп жылдар бойы күтіп жатқан бір ғажайып оқиға дайындап
қойдым. Барлық жағымсыз ойларыңызды ұмытып,
жайласып отыруларыңызды сұраймын, ал мен әзірше дайындалып алайын.
(Бірер уақыт сандығын қопарып, бір буылған қағазды алып шығады).
Біздің төрімізде, олар үшін сиқырлы оқиғаларды арнап жазатын, бас тыңдармандарымыз
жетіспейді ғой. (Есіктер айқара ашылып, балалар кіріп, өз орындарына
жайғасады).
Бұдан көп жылдар бұрын, алыс елде, Жаңа жылды жек көретін бір қыз тұрыпты.
Бірақ, күндердің күнінде бәрі де өзгере жөнеліпті. Өйткені бұл жыл мезгілінде
ғажайыптар шындыққа айналатыны бекер
емес.
(Ерке қыз келеді)
Ерке қыз: Не деген сұмдық! Бүкіл мына ойыншықтар, сыйлықтар,
гирлянда, кәмпит, костюмдарды айтам! Масқара! Бұның бәрі менің ашуыма
тиетінін-ай! Мұндайды жек көремін! Осы Жаңа жыл дегенді тоқтатып, жоқ қып жіберер ме едім. Сол кімге керек өзі,
не пайда сол Жаңа жылдан? (Балалардың бірауыздан жауаптары).
Ерке қыз: Не үшін сонда? Бұл
мереке неліктен қажет сендерге?
(Жаңа жыл туралы тақпақтар)
Ерке қыз: (мысқылдап)- Сол ма. Айтасыңдар-ау сендер де. Гирлянданы күнде ілуге болады,
Жаңа жылсыз да.
(Қоңыраулар сылдырлайды, есіктер ашылады, иттерін ертіп Аяз Ата кіреді)
Аяз Ата: Не болды, бұл не айқай? Сиқыр,таңғажайыптар қайда?
Ерке қыз; - Жоғалған баяғыда бәрі!
Аяз Ата; -Жоқ-жоқ, Жаңа жыл ерекше мереке, оны қарсы алатын уақыт келді. Біз мына балақайлармен және менің мына жаңа достарыммен қайғы-мұңды қуып, ғажайып кереметтерді қайта орнатайық! Ал сен
отырып, ойланып өз армандарыңды жаза тұр.
Иттер бәрі: Біз Жаңа жылдың бас кейіпкеріміз, өйткені келе жатқан жыл- ит жылы. Біз сендерге бақыт
әкелеміз!
Иттер биі.
Аяз Ата; - Балалар, Жаңа Жылды қарсы алуға дайынсыңдар ма? (Б-дың жауаптары)
Ит: Гүлнар: Біз көңілді иттерміз. Сендермен ойнап, көңілдеріңді көтереміз. Кәне бәріміз бірге ән
шырқайық. Бала,бала, балақан (Ән)
Ертегіші Гүлжанат: Бұл Жаңа жылда сендерді таңғажайыптар, көтеріңкі көңіл-күйлер күтіп тұр.
Иттер Сауле: Біз сендерді қорғап, жамандықтарды қуып, жақсы, жайдарлы көңіл-күй әкелеміз.
Ертегіші Гүлжанат: Ал, балалар, бүгінге дайындаған тосын сыйларыңды көрсетіп, мына ерке қызды , таңқалдырып,
көңілдендірейік.Айтпақшы, Аяз Ата сіздің қардай аппақ Ақшақарыңыз қайда?
Аяз Ата: Айтпақшы, менің Ақшақарымды көрдіңдер ме,балалар? Былтыр
Жаңа Жылды қарсы алғанда Тауық жылымен кетіп еді, содан бері көргенім жоқ. Енді
Ақшақарды қалай тапсақ болады екен?
Ертегіші Гүлжанат: Таптым,таптым.Осы жылы ит жылы емес пе? Ендеше, қазақта ит –жеті қазынаның бірі емес пе?Ит- адамның досы, үйдің күзетшісі,жоғалғанды иіскеп табатын Салпанқұлақ емес пе? Сізде Ақшақарыңыздың бір заты жоқ па?Мына иттерге берейік.Ақшақарыңызды тауып әкелсін.
Аяз Ата: А,Айтпақшы менде қызымның мойынорағышы бар.соны берейін.
Иттер қатарымен тұра қалып, мойынорағышты иіскейді.(Иттер іздеп кетеді)
Ертегіші Гүлжанат: Ал ендеше Ақшақарды тапқанша, жәй тұрмайық ойын ойнайық.Ата-аналармен
ойын.Ұлболсын,Нұргүл.жүргізеді.
«Тауық жылымен Ақшақарды Иттер әкеледі.Музыка қосылады»
Тауық Жылы:Армысыңдар халайық, Бармысыңдар балалар.Мен ескі Жаңа Жылмын. Менімен бір жыл
бойы өткізген қызықты сәттеріңді ұмытпайсыңдар ғой. Мен сендермен қоштасамын. Жаңа Жыл сендерге Жаңа бақыт, Жаңа қуаныш әкелсін.(Тауық қоштасып кетеді)
Ақшақар: Амансыңдарма балалар. Амансызба Аяз Ата !Ал балалар,
менің ұлпа қарларыммен биімді тамашалаңыздар.(Ұлпақарлар биі)Жауқазын, Ақбота
тобының балалары «Буги-буги» биі
Иттер: Ерке қыз Қалай, көңіл-күйің көтерілді ме?
Ерке қыз; Қап -қара бұлтқа ұқсаймын
Жана жылды ұнатпаймын
Ал кеудем тікен сияқты
Мерекені тойламаймын
Ертегіші Гүлжанат: не үшін сен ренжідін?
Неге көңіл-күйін жоқ?
Неге соңдай ызалысын?
Кел бірге думандатайық
Айтшы маған неліктен?
Мүмкін көмегім тиер
Ерке Қыз: мен өмірімде дені дұрыс сыйлық алып көрген емеспін. Сонда мен не үшін Жаңа жылды ұнатуым
керек?
Аяз Ата: мүмкін сен тәртіпсіз болған шығарсын?
Ерке қыз: Мен ба? Мен? Мен әлемдегі ең әдепті және алтын баламын ғой. Мен өткен жылы мандариндар ұрлап алдым, ал оның алдындағы жылы тіпті Жаңа Жыл шыршасын ұрлап алғам.
ИТАйгүл: мен сені қазір ақ тістеп тістеп тастар едім. Мандариндарды
қой жарайд, бірақ Жаңа жыл шыршасын неге ұрладың?Мен соны түсінбедім?
Ерке қыз: Жаңа Жыл болмасын деп ұрладым.Бірақта Жаңа Жыл бола береді ғой. ал балалар менің сендер сияқты жақсы бала болу үшін не істеуім керек?
Ертегіші Гүлжанат:Ерке қыз, сен мына біздің балабақшамыздағы сүйкімді балалар сияқты әдепті болсаң,тәртіпті бала болсаң, әрине,жақсы бала боласың.Балалар жақсы істер мен әдептілік туралы жұмбақтар жасырайын.
Жақсы істер мен тәртіп туралы жұмбақтар
1. маған жақсылық істесе
Не айтамын әлбетте?
(Рахмет)
2. мен қоқысты
көтеремін
Қайда апарып төгемін?
(Қоқыс жәшігіне)
3. тәтті үшін, ойыншыққа да
тәтті бауырсақ
үшін
Жақсы сөз жиі айтамын
Сыпайы ...
(алғыс айтамын)
4. жымиып күн аттырамын
Бәріне не деп айтамын?
(Салеметсіздерме)
5. үлкенді сыйлау керек
Үлкендерге ....
(көмектес)
6. Тындайтын бала боламын
Дөрекі сөздер айтпаймын
Әр тамақ ішер алдында
Сабынмен қолды ....
(жуамын)
7. кетіп бара жатқанда
сөздер айтамын әдемі
Бәріне саулық тілеп
қоштасамын сыпайы
(Сау болыныз)
Ерке қыз: өмірімде бұндай істер істемеппін!
Ертегіші Гүлжанат: Міне,көрдің бе,Ерке қыз әрдайым осындай әдепті қыз
болсаң, мына балалар сияқты достарыңда көп болады.
Аяз Ата: Ерке қыз енді осы Жаңа Жылдан бастап ақылды, әдепті
бала болсаң менен сыйлық аласың. Мен ақылды да тындайтын балаларға жыл сайын
сыйлықтар жасаймын және оларға жиі көмектесіп жүремін
.Ит Ұлболсын: Ерке қыз Аяз Ата айтқандай ақылды, мейірімді де әдепті болу керек.Түсіндің
бе?
Ерке қыз: бұның бәрі көңілсіз?
ИТ Ұлболсын: сен өз қылықтарын үшін
әлі де ойлана тұр, ал мен болсам барып балалармен ойын ойнап келейін.(Балалармен ойын) Музыка
қосылады.Ұлболсын мен Нұргүл)
Ертегіші Гүлжанат: ал енді сен толығымен Жана Жылды ұнату үшін балалар тағы да бір
нәрсе дайындады.
Балалар тақпақ оқиды
Ерке қыз: Айтындаршы, Жаңа жылда би билейді ме?
Аяз Ата: Әрине,Жаңа Жылда би билемегенде қайда билейді? Кәне, балалар би билеп, көңілді көтерейік.
Балалар би билейді. Би. Топ-топ, топ.
Ерке қыз:Ал, Жаңа Жылда тәттіден бізге береді ма?
Ит Нұргүл: әрине береді, білесің бе, менің үйшігімде қандай тәтті
сүйектер күтіп тұрғанын?
Ерке қыз: сыйлық алуым үшін маған не істеу керек?
Аяз Ата: өзгеру керек.бұзық болуды, шырша ұрлауды, әдепсіз болуды
және де заттарды бүлдіруді доғару керек.
Ерке қыз : осы жылы мен сыйлығымды алсам болады ма? келесі жылдан
бастап әдепті болуға уәде беремін. Сендердің айтқан өлеңдерін мен билеген билерін
маған өте қатты ұнады, Жана жылды тойлағым келіп тұр
Аяз Ата: Сенеміз ба?
(Балалар хормен)
Ерке қыз: шыршаны айналамыз ба?
ИТ: Міндетті түрде
(Өлең қосылып балалар шыршаны айналады)
Аяз Ата: , сен шынымен де
жаңа жылдық ғажайыпты қалайсын ба?
Ерке қыз: иә
Аяз Ата: ендеше,1,2,3 шырша жарқыра
(Шыршаның шамдары қосылады)
Ит: қандай әдемі
(Ертегіші пайда болады)
Ертегіші Гүлжанат: Қандай қызық, Ерке қызға жаңа жылдық сыйқыр мен ғажайыпқа сенуге көз
жеткіздірді ме. Жаңа жылды ұнату керек, себебі тек жаңа жылда ғана барша
қалалар мен елдер жылы лебіздерімен әдемі түрлі-түске бояп әлемді көркейтеді.
Осымен ертегіміз өз сонына жетті. Осы Жана жылда барлығына – шаттық, қуаныш,
мол бақыт тілеймін. Бақытты болындар.Ал енді Ерке қызды ортаға алып, Жаңа Жыл
әнін шырқайық.(Жаңа Жыл әні шырқалады.)
ИТ: Біз ештене ұмытқан жоқпыз ба?
Аяз Ата: Бұл қабымда сыйлықтар
Балаларға таратайын
Қуаныш пен шаттықты
Оларға сыйлаймын.
Қара ниетті да ренжітпей,
Бәріне сыйлық беремін.
Қабыл алындар қанеки.
Себебі мейірім төгемін.
(жаңа жылдық сыйлықтар таратылады)