«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мәңгілік ел" рухани жаңғыру

15.01.2018

 «Мәңгілік

ел» ұлттық идеясын  мектепке дейінгі

тәрбие үдерісіне сапалы еңгізу

Ұлттық идея – ең алдымен туған

жер, отанға деген сүйіспеншілік негізінде  ұлттық менталитет, ықылым

заманнан бері келе жатқан ұлттық құндылықтар арқылы топтастырылған этностық сезім.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев

Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Мәңгілік ел — ата-бабамыздың сан мың

жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз.

Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні

түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.Қазақтың

мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ — мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше,

қазақ елінің ұлттық идеясы — Мәңгілік ел», — деді.

«Мәңгілік ел» идеясында өскелең ұрпақ тәрбиесіне баса

мән берілген.

Осы тұғырлы идеяны қалыптастыру үшін ең алдымен

ұлағатты тәрбие мен сапалы білімнің қажеттілігі анық көрсетілген. Мектепке

дейінгі білім беруде жас ұрпақтың бойына сіңіретін тәрбие ең алдымен ұлттық

құндылықтарға негізделе жүргізілген абзал. Оның ішіне рухани-адамгершілік

қасиеттері мен отаншылдық сезімнің ұдайы дамып отыру бағытындағы іс-әрекеттер

кіріктірілуі тиіс. Балабақша қабырғасынан бастап, отан, ел, жер ұғымының

киелілігін білу, ұлттық құндылықтардың оның ішіде салт-дәстүр, менталитет,

тарихтың маңызын бойына сіңіріп өсіру ең басты қағидат болуы қажет.  .

Қазіргі кездегі күрделі мәселенің бірі болып отырған ана тілі де бала үшін асыл

қасиет екенін ұқтыру баршамыздың міндетіміз.

Елбасы айтқан ана тіліміз Мәңгілік елдің мәңгілік

тіліне айналуы үшін бірқатар маңызды іс-шараларды жүзеге асырып, соның нақты

нәтижесінен қорытынды шығаруымыз қажет. Әсіресе балабақшадағы өткізілетін

танымдық, тәрбиелік шаралар тек ана тілінде өткізіліп, ана тілінде жүзеге асуы

үшін айқын басымдықты мемлекеттік тілге беруіміз керек.Мектеп жасына дейінгі

балаларды ана тілінде еркін сөйлетуге бағытталған танымдық шараларға ойлау,

көру көрнекілігін жиі қолданған дұрыс. Әсіресе қазақ тіліндегі басты қасиеттер

мен құндылықтарды сәбилердің өздеріне айтқызып, олардың сәби жүрегінен шыққан

пікірімен де санасып отыру қажет. Бала тілі бал, түрлі пікірлер айтады, қиялын

жеткізеді. Қазақ тілінің ерекшелігіне өздерінше пікірін білдіреді. Ал тәрбиеші

оны дамытып баланы жігерлендіріп, алға жетелеу арқылы талпындыру қажет. 

Ана тіліміз баршамыздың рухани тірегіміз екенін сәби көңілдеріне сіңіріп отыру,

олардың тіл байлығын дамыту бағытындағы шараларда қателікке бой алдырмау қажет.

Барынша ана тіліміздің тазалығын сақтаудың жолын бойларына сіңіре беру қажет.

Мақал-мәтел, өлеңдер, жаңылтпаштар, нақыл сөздерді жаттатып қана қоймай

мағынасына терең бойлауға баулу басты міндетіміз. Күнделікті балалармен нақыл

сөздерді жаттату міндетті ісіміз болуы қажет. Ойын бөлмесі мен жатар

орындарында мағыналы сөздер, ғұламалардың айтқан сөздерін көрнекілік ретінде іліп

қою, ұлттық құндылықтарға байланыс суреттер салғызу, оқиғаның мағынасын ашқызу

барлығы бала бойындағы ұлттық тәрбиені дамытудың құралы болады. Сонымен қатар

бірлікке тәрбиелеу, бір-бірінің ынтымақтастықта жұмыс істету, берекелі орта

қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар Мәңгілік ел идеясындағы басты құндылық

екенін ескеріп отыру қажет. Тәрбие мен білімді тәрбиеші ретінде тәжірибемен

ұштастырып отыру да өзі нәтижесін береді. Әр мағыналы іске балаларды үнемі

қатыстырып, көшбасшылыққа ұмтылудың іргетасын балабақшадан бастау Елбасымыз

көрсеткен Мәңгілік ел идеясын жүзеге асырудың басты құралы екенін ұмытпағанымыз

абзал. Тарихи оқиғалар, әсіресе отаншылдыққа бағытталған ізгілікті істердің

мазмұнын үнемі тәжірибемен ұштастыра отырып бала бойына сіңіру қазіргі

қоғамдағы өзекті мәселе. Бала әр нірсеге қызығушылықпен қарайды. Осыған

байланысты баланы ұлттық қасиеті жоғары, маңызын жоғалтпаған дәстүрдің озық

үлгілерімен сусындатып, оның мағынасын ашатын шараларды жиі өткізу қажет.

Мәңгілік ел идеясы ең алдымен болашақ ұрпақ үшін

екенін ескерсек, елімідің мәңгілік болуы жолында халқымыздың гүлденуі басты

орында. Оған ең алдымен ұрпақтың құнды тәрбиесі мен сапалы білімі жол ашады.

Сондықтан да танымдық шаралардың барлығы осыған бағытталуы қажет. Төл

тарихымыздың ақтаңдақ тұстарын балабақша тәрбиеленушілеріне жасына сай

түсіндіріп, бойына сіңіріп отыру қажет. Бабалар ерлігін, даңқты істерін үнемі

насихаттап отыру қажет. Тарихи тұлғалар жайында айту, электронды құралдар

арқылы көрсету, тарихи оқиғаға байланысты ойларын айтқызу, қиялын шарықтату

отаншылдыққа баулудың мағыналы жолы. Тарихи тұлғаларға еліктеуге, хакім Абай

айтқандай «болмаса да ұқсап бағуға» тырысуға бағыттау өзі нәтижесін береді.

Балалардың ұлттық санасын оятуға, бойындағы

мәліметтерін дамытуға байланысты шаралар өткізгенде барынша нақты іс әрекеттер

жасау керек. Ұлттық киім, құнды жәдігерлер туралы үнемі айту, соларға

қызықтыру, оны шынайы өмірмен байланыстыру т.б. әрекеттерді жиі қайталап отыру

қажет.Балаларды бір-біріне сұрақ қойдыртып, диалогқа шақыру, ынтымақтастық орта

қалыптастыру олардың келешек білім алуына даярлануына ықпал етеді. Әсіресе кері

байланыс міндетті түрде болуы қажет. «не үйрендің?», «қайсысы саған қызықты

болды?», «сеніңше қалай болуы керек?» т,б сұрақтар жиі қойылуы шарт. Бұдан бала

ұлттық құндылықтың маңызын түсінеді, қызығады. Өзіне не қажет екенін

пайымдайды.

Балабақшамызда өткізген іс шаралар «Менің туған өлкем»,  «Біздің ортақ үйіміз -Қазақстан»,

«Қазақстанның болашағы балалар көзімен» тақырыптарында сурет байқаулары,

«Бабалар мұрасын сақтаймыз» атты қолөнер көрмесі,  «Тәуелсіздік туы желбірей берсін», «Қазақстан

– менің мақтанышым, 7-мамыр ҚР қарулы күштерінің құрылған күніне арналған ерлік

сабақтары, патриоттық іс шаралар т.б. игі шаралар өтеді. 

Нәтижесі. Білім берудің әдіс- тәсілдерін , жаңа технологияларды қолдану арқылы

осындай жүргізілген іс шаралардың нәтижесінде ғана біз балалардың көкейіне

патриотизм туралы ой сала білсек, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға

керекті азамат, отансүйгіш, елсүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер

тәрбиелейміз деп ойлаймын. 

 Әрбір іс- шараны өткізгенен кейін

Азаматтық-патриоттық туралы білімдері қалыптастыма, қаншалықты қалыптасты соны

тексеру үшін келесі жүйе ол- бағалау жүйесін қолдануға болады. Бағалау кезінде

сабақтың төмендегідей әдіс – тәсілдерін қолдануға болады . 

     Қорыта келгенде Елбасымыз айтқандай

Мәңгілік ел болашағы – білімді ұрпақ, саналы жастар. Осы тұрғыда ұстаз қауымының атқарар ісі көп, оны парыз

деп білуіміз керек. Алдымызда ұлттық құндылықты бойына сіңірген, отансүйгіш,

елі мен жерінің қамы үшін аянбайтын, білімді, иманды, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу,

оларға бағыт бері міндеті тұрғанын әрдайым жадымыздан шығармауымыз шарт. Тәуелсіздігіміздің

тірегі – білімді әрі саналы, парасатты, жан-жақты мәдениетті, еліміздің еңсесін

өркениетке жетелейтін патриот азаматтарымыздың көп болуы үшін бәріміз жұмыла

атсалысақ ғана нәтижеге жетеміз. 


 

«Балдырған» бөбекжай- бақшасы

МКҚК- ның

тәрбиешісі: Бейсембаева А.Е.

 

Просмотров: 534


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст