«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Аңдардың айтысы»

16.01.2018

Ересек топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

Технологиялық карта

 

Күні: 16.01.2017ж

Білім

беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Аңдардың айтысы»

Мақсаты: 1.Әннің динамикалық реңін жеткізе орындауға, музыкаға

сәйкес әр жануарлардың қимыл-қозғалысын жеткізе білуге талпындыру.

2.Ұрмалы аспапта әуеннің ырғағын

көрсете білуге, металлофонда орындауға үйрету.

3.Жануарларға деген сүйіспеншілік,

қамқорлық сезімін дамыту.

Блингвалды сыңары: түлкі-лиса, кірпі-ежик,

тиін-белка

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

 

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті

 

 

Ынталанды

ру

Сезімді

ояту.

 

Залдың іші қысқы орманның көрінісін

бейнелейтіндей безендірілген. Балалар орман ішіне қойылған кедергілерден,

қисық жолдардан өтіп, орындықарға орналасады.

Халық «қу» деп,

Қылған күлкі,

Айласы көп,

Бұл не?

 

Жаңғақ жауған орманда

Күндіз қорек айырып,

Жатады кеш болғанда

Өз құйрығын жамылып.

 

Үстің толған ине,

Бірін берсең, шіркін,

Қадар едім түйме.

Балалар орман ішінде түрлі

кедергілерден аттап, музыка әуенімен жүреді.

 

 

 

 

 

Шешуі: Түлкі

 

 

 

 

Шешуі: Тиін

 

 

 

Шешуі: Кірпі

Ізденістер.

Ұйымдас-тыру.

 

 

 

 

 

-Балалар, біз жақында ғана жаңа жыл

мерекесін тойладық.

Міне, қазір ескі жаңа жыл да келді.

Өздерің білесіңдер, жаңа жыл ертегі ғажайыптарына толы. Бізе ертеңгілікке

қандай аңдар, ертегі кейіпкерлері келді?

Сол мерекені еске түсіріп, әрі қарай

өзіміз аңдар болып айтысамыз, ойын ойнаймыз.

Музыка тыңдау: «Күлдіргіштер».

П.И.Чайковский-орыстың ұлы композиторы, балаларға арнап көптеген шығармалар

жазған. «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару» балеттері бар. Өзіміз жиі тыңдайтын

«Ойыншық» солдаттар маршын осы кісі жазған. Адам өмірінде күлкінің де алар

орны ерекше. Міне, айналасын күлдіріп жүретін күлдіргіштерге арнап осы

музыканы шығарған.

-Музыканы тыңдағанда күлдіргіштердің

іс-әрекетін елестете алдыңдар ма? 

Осы көңілді күймен балаларды топқа

бөліп, аңдардың айтысын бейнелеу.

Ән айту: «Аңдардың айтысы» (Р.Наурызбаева,

Ш.Құлманова).

Түлкінің әнін үйретіп, қимылдарын

көрсету. Келесі топ Аю әнін айтып, әнмен бірге қорбаңдап жүру. Тез, шапшаң

қимылмен балаларға Кірпі жүрісін көрсетіп, әнін айтқызу. Аңдар хорын барлығы

түгел айтады.

Би: «Қасқыр мен қояндар». Өткен сабақта үйренген

көрініс биді жалғастыру («Билеп үйренейік»).

Ойын: «Аю мен қояндар».

Қояндар жеңіл музыка әуенімен көңілді

секіріп жүріп, үйқыдан оянған аюдың музыкасы дыбысталғанда қаша жөнеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар күлдіргіштер музыкасын тыңдай

отырып, күлдіргіщтердің іс-әрекетін елестетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар топтарға бөлініп, әр аңның

әуенін үйреніп, сол аңға тән қимылды жасауға талпынады.

 

 

 

Өткен іс-әрекет кезінде бастап

үйренген көрініс биді әрі қарай жалғастырып үйренеді.

Қорытын-дылау.

Өзін–өзі

бағалау.

-Бүгін бізде қандай аңдар қонақта

болды?

-Қай аңдардың әнін орындадыңдар?

-Орманда өткен сабақ сендерге ұнады

ма?

Қорытындылау, бағалау, аңдарды жақсы

сомдаған балаларды марапаттау.

Балалар алған әсерлерін жауап беру

арқылы жеткізеді. Көтеріңкі көңіл күймен топтарына тарайды.

 

Біледі: әуенге сай аңдардың музыкасын ажырата біледі

Игереді: кәрі емен, бұлаң-бұлаң, балпаң-балпаң сөздерінің

түсініктерін

Меңгереді: әр аңға тән музыка бойынша

қимыл-қозғалыс дағдыларын

Просмотров: 3066


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст