«Мен өз елімнің азаматымын»
(Авторлық
флипчарт-сабақ жоспары)
Мектепке дейінгі жастағы
балаларға арналған психологиялық сабақ
Карин Шынболат Айткалиулы,
«Балдырған» бөбекжай-бақшасы»
МКҚК-ның психологы
Бөлімдері: •
Балалабақшаның психологиялық қызметі
• Патриоттық тәрбие
Мақсаты: • Өсіп келе жатқан
бүлдіршіндердің патриоттық сезімін және өз еліне деген мақтанышын дамыту
Міндеті: • Балалардың азаматтық патриотизм
жайлы көзқарасын кеңейту;
• Дұрыс
этникалық дамытуға жәрдемдесу;
• Қазақ
халқының рәміздері жайлы толығырақ мәліметтер беру;
• Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде үштілдіктің психолого-педагогикалық
аспектілерін жетілдіруде практикалық ұсынбаларды әзірлеу
Құрал-жабдықтар: итерактивті тақтай немесе ноутбук, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздерінің суреттері, қарындаштар.
Сабақ барысы
1 бөлім. «Ынталандыру» (3 мин)
«Амандасудың
сиқырлы әлемі»
Жүргізуші қатысушыларға
аудиторияда еркін айналуды ұсынады. Қатысушылар бетпе-бет кездескен кезде, бір-бірімен:
а) ағылшынша;
в) орысша;
г) қазақша; амандасады
Тренинг (12 мин)
3 деңгейлі күрделі сұрақтар
Барысы: Педагог балаларға 3 деңгейлі сұрақтар қояды, ал балалар жауап
береді, жауап дұрыс болса домбыраның үні шығады, қате болса синтезатордың үні шығады.
1 деңгей (сары)
1. Туды жерге тастауға болады ма?
2. Еліміздің рәміздерімен ойнауға болады ма?
3. Әнұранды айтып тұрғанда билеуге болады ма?
ІІ деңгей (жасыл)
1. Өз отанынмен мақтан етесін бе?
2. болашақта еліннің қорғайтын азаматы боласын ба?
3. Сен Қазақстанда Республикасында тұратынынмен мақтан етесін ба?
ІІІ деңгей (қызыл)
1. Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
2. «Отан» деген сөзді қалай түсінесіндер?
3. Егер сен өскенде ел басқарар Президент болсан, балаларға қандай көмек
көрсетер едің?
2 бөлім. Негізгі бөлім
2.1. . «Интерактивті ойын» (2
мин)
«Балалар, аңшы жоғалтып алған домбырасын тауып беруге көмектесесіндер ме?»
2.2. Суретпен жұмыс. «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздері»
(4 мин)
Педагог балаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын қосып Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздері мен балалардың патриоттылығына байланысты
сұрақтар қойылады:
1. Сендер тұратын Мемлекет қалай
аталады?
2. Қазақстан Республикасының
Президенті кім?
3. Қандай мемлекеттік рәміздерді атай аласындар?
4. Еліміздің бас қаласы қалай
аталады?
Сергіту сәті.
Бейнебаянға қарап балалар артынан қайталап тұрады
3 бөлім. Интегративті
жаттығу
«Суретті аяқта»
4 бөлім. Қорытынды
«Мен отанымды сүйемін» жылулық
шеңбері
Педагог төмендегі сөздерді айтады, балалар шеңбер бойымен кезектесе
қайталайды. «Мен өз отанымды жақсы көремін!», «Мен өз Республикамды мақтан
тұтамын!», «Мен өз Республикамның бақытты бүлдіршінімін»
Балалар сабақты, педагогты және өзін тақтада көрсетілген смайликтар арқылы
бағалайды.