Э С С Е
«Балаларға
патриоттық және ұлттық тәрбие беру»
«Ел
болам десең бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезовтің аталы сөзі ең алдымен , ата
– ана мен
ұстаз қауымына арнап айтылған.
Сол «бесік» балабақша екеніне ешкімнің
дауы жоқ .Сәбиді аялаған ананың парызы қандай болса, тәрбиесін мойнына жүктеп отырған тәрбиешінің де жауапкершілігі сондай Адам бойындағы игі
қасиет балабақша қабырғасынан басталады.
Болашақ балаларды ұлтын сүйетін ұлтжанды,Отанын сүетін
патриот, жоғары адамгершілік иесі ,ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп
тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдин өзі-ақ көрсетіп
отыр.Балаларға ұлттық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлер,бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын
салт-дәстүр,ырым-тыйымның рөлі сөйлеу әдебі, сыйластық, қонақ күту,ас ішу
әдебі,инабаттылық дәстүрлері,қазақ
халқының озық мәдениет үлгілеті мен олардың тәрбиелік мәні сияқты
ұлттық жасұрпақтарды жан –жақты
тәрбие беруге үйрету болмақ. Сонымен қатар көркем әдебиет сабағында
балаларды тақпақтарды мәнерлеп айтуға,мақал мәтелдер мен жұмбақтар,өлең айту
және би билеу,ертегі айтуға баулыймын.
Тоқсан сайын өткізіліп тұратын дөңгелек үстел
мәжілістерінде «Отбасыдағы ұлттық тәрбие»,«Балабақшадағы ұлттық
тәрбие»сияқты өзекті мәселелер тәсілдері жүйелі түрде талқыланып отырады.
Балалар мақал-мәтелдер естіп өссе,баланың патриоттық
сезімі оянбағанда қайтеді.Әр дәуірдің
тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады.Ол ең
алдымен,«ұлтжандылық»,«отансүйгіштік»,«патриотизм»ұғымдары өмір сүріп заманның
наным-сенімімен туындайды.Еліміз
егемендік алғаннан бері жас ұрпақ
тәрбиесінің темірқазығы- қазақстандық –патриотизм болып табылады. «Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің
тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып,еліміздегі саяси –әлеуметтік
ахуалдың ерекшелігін білдірелі.
«Отансыз адам болмас,ормансыз
бұлбұл болмас»деген халық нақыды тегінен айтыла салмаған .Өйткені, отан деген
киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жерінен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен
бастау алады.Отансүйгіштік паттриотизмдер
бір-біріне егіз ұғымдар. Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік
ұстайды.Сондықтан қай заман ,қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ
тәрбиесіне зор мән берген.Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең
алдымен,келешек ұрпаққа оқу-білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қою
тиіс.Ұлтың ғана емес,әр жанұяның бүгіні де,болашағы да тәрбиелі ұрпаққа
байланысты.Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана-қабілетінде, түсінік
–талғамды, мінез-құлқында өзіне тән ерекшеләк менталитеті болатынын ғылым
дәлелдеген .
Қазіргі таңда қоғамды қайта қалыптастыру кезінде
халқымыздың ең үздік рухани дәстүрлеріне бет бұру қажеттілігі орын алып
отыр.Олардың қатарына туыстық,отан мәңгілік түбегелі ұғымдар жатады.Мектепке
дейінгі жастан бастап балалардың жоғары рухани және моралдық–психологиялық
қасиеттерін тәрбиелеу керек,олардың ішінде отансүйгіштік ерекше орын
Отансүйгіштік ұгымы жан-жақты. Мұнда басты орынды Отанға деген сүеспеншілік
алады.«Отан»ұғымына өмір сүру жағдайы кіреді,атап кеткенде
аумақ,климат,табиғат,қоғамдық өмірдің ұйымдастырылуы, тіл және тұрмыс
рекшеліктері деген ұғымдары құралады.Патриот бөлу-өзін Отанның ажырамас бөлігі
ретінде сезіну. Осы күрделі сезім балалық шақта қоршаған орта әлеміне деген
құндылығын бағалау негіздерін қалау арқылы қалыптасады.
Басқа сезімдер сияқы отансүйгіштік сезіміне әр адам жеке
ие болады жәнеосы сезімді жеке сезеді.осы қасиет адамның рухани
байлығымен,сезіну тереңдігімен тікелей байланыста болады .Патриот болмаған
мұғалім баланы отансүйгіштікке тәрбиелей алмайды.Отансүгіштікке тәрбиелеу баланы осы сезімге мәжбүрлеу
емес,керісінше осы сезімге жетелеу,баланың сана-сезімін
ояту.Себебі,отансүйгіштіктін түбінде толғаның рухани өзін-өзі анықтатау жатады.
«Патриотизм»-ғасырлар бойы жинақталған ең терең сезімдерінің дірі. Отанға деген сезім болмаса, патриот болу мүмкін емес. Біздің
атам –бабаларымыздан қанымызға сіңген
қасиетті дара мінез-құлығымызбен
кішкентайымыздан бастап, үлкендері сыйлап, кішіге ізет көрсетуде қалаптасқан.
Әр бала өзінің туған жерін сүюге үйрету. Отан туралы әңгімелер, тақпақтар
айтқызып, Отанға ,елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру керек
деп ойлаймын. Балабақшада ересектер тобында әдістемелік тақырыбым «Баланың жас
ерекшелігіне байланысты білім беру салаларын сабақтастыру, Отан сүйгіштікке
тәрбиелеу» болды. Міне осы тақырып бойынша балалармен тәрбиелік, мәні зор
көптеген жұмыстар жүргізілді. Патриотизм- санаға біртіндеп қалыптасатын,
тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Әркімнің өскен ортасына,
қалыптасқан қоғамына қарай түрліше дамып, алуан сатылы деңгейде болатын,
үздіксіз тәрбиенің жемісі. Жолдаудағы маңызды бағыт – қазақстандық патриотизм.
Жалпы, барлық құнды еңбектер, жаңалық атаулы тек отансүйгіштіктің арқасында
дүниеге келеді.
Қоғамның қай саласына болмасын, ең
алдымен патриотизм керек. Қазақстандық ұмтылыс, толыққанды білім мен сапалы
өнімнің түкпірінде Отанға деген үлкен сүйіспеншілік пен құрмет, намыс жатыр.
«Біздің
болашағымыз – жастар. Біз жастарды жаңа өмірге бейімдей білуіміз керек» деген
болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Әрбір жас қазақстандық қыз-жігіттердің
ой-санасында: «Мен – қазақстандықпын! Мен – елімнің патриотымын! Өзімнің бар
білімімді, еңбегімді, тәжірибемді осы мемлекеттің бүгіні мен болашағына арнауым
керек!» деген ой болуы керек. Сондықтан жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін
аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлікке тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз
болмақ
орталық саябағындағы
«Жауынгерлер ескерткіші» «Мәнгілік алау» ескерткішімен таныстырдық. Өз елін, жерін Отанын жаудан
қорғаған, сол үшін жанын пида еткен аталарымыздың ерліктеріне бас иіп, тағзым
еттік, Балабақшамызда «Ұлы Жеңіс жасасын!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.Сонымен бірге бүлдіршіндерді
отансүйгіштікке тәрбиелеуде өлкетану негіздерін қолдануға болады. Ересектер
тобында «Менің көшем», «менің қалам», «менің өлкем» атты көркем сурет көрмесін
ұйымдастырдық. Балалар өз үйлерін, балабақшаны, орталық саябақтың суретін
салып,өздерінің ішкі сезімдерінқағаз бетіне түсіріп, өз ойларын көз алдарына
елестетіп Отанға деген сүйіспеншілік
сезімдерін білдірді. Міне жас
жеткіншектерімізді жастайынан өз елін, өз жерін, өз Отанын сүюге тәрбиелеуде
осындай жұмыстарды жүргізіп келеміз.
«Отан сүю отбасынан басталады
»дегендей отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда. отбасы тәрбиесінің манызы зор. Баланың өзінің тіліне, дініне,
ұлтына деген сүйіспеншілік әкенің көзқарасымен, анасының сүтімен беріледі.Сондықтанда ата-аналармен
«Отан отбасынан басталады» тақырыбында тәрбие сағаты өткіздік.Ата-аналар,
балаларына кішкентай кезінен Отанға
деген сезімді отбасындағы тәрбиеден
бастау керек екенін түсінді.Бүлдіршін өзін ел азаматы ретінде сезіну үшін
айналасындағы жақсы үлгілерді көріп өсуі керек. Осыған орай балабақшадан бастап
мемлекеттік рәміздерге, халықтық салт- дәстүрлерге көзқарасы қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға еліміздің рәміздерін танып білуге құрметтеуге
үйретеміз. Балалар Қазақстан Республикасының әнұранын шырқағанда салтанатты
түрде оң қолдарын жүрек тұстарына қойып, Отанына деген ерекше құрметпен
орындайды. Мектепке дейінгі білім беру
мекемелерде халық педагогикасын кеңірек пайдаланамыз. Бүлдіршіндер
ертегілердің кейіпкелерін үлгі ретінде қабылдап, өз бала жүрегінен
өткізіп,эмоцыя арқылы сезімін білдіреді. Осы халық аңыз әдебиеті арқылы олар
өздерін кейіпкерге ұқсатып, бүлдіршін жасынан бастап адамгершілікк,отансүйгіштікке,
әдептілікке тәрбиеленеді. Отан туралы, елі, жері туралы мақал-мәтелдерді жай
жаттаумен қатар оларды түсіндіріп, жастайынан елін, жерін, халқын құрметтнуді үйренеді. Міне осылай
халық педагогикасы арқылы жас кезіен Отанға деген сезімдерін қалыптастыру керек
деп ойлаймын.
Балабақшадағы тәжірибеге
келсек, бүлдіршіндерді адамгершілік,отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмыстарын
олардын туып- өскен олкесімен, өз туған қаласының тарихымен, оныңәсем де
көрікті жерлерімен, өз елінің қаһармандарымен таныстырды жөн көрдік. Осы
мақсатта өз қолынызға елеулі еңбегі сеңген ел азаматы А.Үкібаев атамызда
мектептегі мұражайымен танысып, саяхат- сабақ өткізіп келдік. Балалар мұражайда өз қаласының тарихымен фотосуреттер арқылы естелік материалдарды өз
көздерімен көру арқылы танысып білді. Тың игеру кезіндегіаталарымызбен әжелеріміздің ерек еңбектеріг көріп, таңқалды. Мұражайдағы сол
кездегі еңбек құралдарын көріп, экскурсияда экспонаттар жөнінде толық мағлумат
алды. Осы ересектер тобының балалары өлкетану мақсатында өз қаласының тарихымен
танысты. Балалар мұражайға саяхатқа барғанда, «менде осы аталар сияқты өскенде
жақсы адам болам» деп өз ішкі сезімдерін бала тілімен жеткізе білді. Осы саяхат
арқылыбалаларды өз еліне, жеріне, Отанына деген потриоттық сезімін оятық деп
ойлаймын. Мектеп жасына дейінгі балаларға «Отан » туралы түсініктерін кеңейтіп туған жерге деген сүйіспеншілік
сезімдерін, ояту жерін сүюге, қадірлеуге үйреттім.
«Туған жердей жер болмас»;
«Туған елдей ел болмас»- дегендей әр бала елін, жерін
отанына деген сүйіспеншілік болуын қалыптастыруымыз керек.
Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық тәрбиемен
тәрбиелеу- әрбір тәрбиешінің міндеті деп ойлаймын. Ұлттық тәрбие – әрбір
халықтын ой- арманымен,тіршілік танысымен, ұлттық дәстүрімен тығыз байланысты.
Ұлтық рухани уызы дарымаған ұрпақтар
ұлттық, елдің қамқорын, болашағын күтуге болмайды. «Адамға ең бірінші керегі
білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім-адамның қос жауы, ол келешекте
оның өміріне апат әкеледі»,деп Әл- Фараби бабамыз айтқандай, білімберудің негізгі саласынын
бірі- тәрбие.
«Тәрбие-баланың дүниеге келген сәтінен басталады»,
дегендей әр ата-ана мен тәрбиеші бірлесіп, отбасы мен балабақша арасындағы
ынтымақтастықты нығайтсақ сол арқылы
балаларды өз Отанын сүйетін азаматтарды өсіркміз деп ойлаймын.Ересектер тобының балаларына
«Менің елім- мақтанышым» ойынын ойнауға
болады.
-Қазақстан
Республикасының Презитенті кім?
-Қазақстан
Республикасының астанасы қай
қала?
-Қазақстан
Республикасының Елтаңбасы мен
Туында не бейнеленген?
- Қазақстанның
тұңғыш ғарышкерлерін атаңдар?
-Өздеріңе таныс
қазақтың ұлттық ою-өрнектерін
атаңдар?
- Ұлттық
киімдердің түрлерін атаңдар?
-Ұлттық
дәстүрлерді атайық.
- Қазақстанда
қандай ұлт өкілдері
тұрады? Олардың ұлттық
киімдері, ойындары,
тағамдарын атаңдаршы.
- Біздің еліміздегі
балаларды бақытты деп
атауға болады ма? Міне, осындай танымдық
ойындар арқылы да
балаларға еліміздің ерекшелігі – көпұлтты мемлекет, ұлттардың арасындағы
ауызберлік, достық, бейбітшілік, ынтымақтастық екенін түсіндіреміз. Сонымен бірге
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін де жылулық
шеңберінде бір-біріне амандық,
достық, татулық,
сүйіспеншілік туралы жақсы
тілектер айтқызып үйретеміз.
-Деніміз
сау болсын!
-Жеріміз бай
болсын!
-Еліміз
аман болсын!
-Бейбітшілік
болсын!
-Тәуелсіздігіміз
тұғырлы болсын! –деп өздерінің тілектерін айтады.
Әр халықтың
ертегілерінде барша адамға
ортақ жалпы адамзаттық құндылықтар
туралы айтылған: үлкендерді
сыйлау, әке-шешені
құрметтеу, қайырымды болу,
достаса білу, өз елін-жерін
сүюді насихаттайды. Халық
педагогикасы арқылы балаларды рухани- адамгершілікке тәрбиелеу арқылы жас
ұрпақ санасына туған
халқына деген құрмет, сүйіспеншілік пен
мақтаныш сезімдерін ұялату,
ұлттық рухын дамыту
және ана тілімен дінін,
тарихын, мәдениетін, өнерін,
салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларын
қастерлеуді үйретеміз. Ертегілер арқылы
баланың сана- сезімін,
адамгершілік қасиетін қалыптастыруға болады. Баланы имандылыққа
баулып, мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілділік пен
қамқорлыққа тәрбиелейміз.Сонымен
қатар балаларға еліміздің
рәміздердерімен таныстырып,
Отанға деген сүйіспеншілік
сезімін арттыруға және өз
елін, өз жерін сүйетін патриот болғанын қалаймыз.Мектеп жасына
дейінгі балаларға Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев туралы
мәлімет беру, сан қырлы дарын иесі,
құдіретті тұлға екенін таныту; елімізге еңсе
тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап
берген, халқымызды әлемге танытып,
алаш баласының абыройын
ақсақтатқан Елбасының кісілік
келбетін меңгерту; Отанын сүюге,
елжандылыққа, елі сүйген тұлғадан
үлгі алуға тәрбиелейміз.
Елбасымыз бүгінгі бүлдіршіндерімізге, жастарға үлкен сенім
артады. Міне, осыны балаларға
таныстыра отырып, Елбасыға деген құрметті
кішкентайларынан бойларына
сіңіреміз. Ересек тобының балаларына
Елбасы туралы деректі
фильмді көрсете отырып,
Нұрсұлтан Әбішұлының бойынан
бала күнінде-ақ көшбасшылық ,
әділдік, еңбекқорлық, үлкенге құрмет,
тиянақтылық, туған жеріне,
еліне деген шексіз
махаббат, білуге құштарлық
сияқты қасиеттердің болғанын
байқауға болады. Осы деректі
фильмді көрсету арқылы
балаларға Елбасының балалық шағымен
таныстыра отырып, балаларға Президентімізді үлгі танытып, мақтан етеміз.Тәрбиеленуші жеткіншектерімізді кішкентай
кезінен Елбасымызды құрметтеуге үйретеміз.Биыл «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына»
орай балабақшамызда Тәуелсіздік
мерекесін атап өтудеміз.
Балаларға Тәуелсіздік мерекесінің
маңызын түсіндірдік.
Жастайынан бала бойына
Отансүйгіштік, ізгілік қасиеттерін
дарытуға, өзара көмек
көрсете білуге, қазақтың
патриоттық және туған
жер туралы әндерге
деген сүйіспеншілігін қалыптастастыруға, Отанын сүйетін
патриот болуға қалыптастырдық. Балалар мерекелік
іс-шараларда Отан туралы
жыр-шумақтарын жатқа айтып, ән
шырқап, мерекелік билер биледі. Ата-аналар балаларының
өн бойынан өз
еліне, өз жеріне деген
сүйіспеншіліктерін көріп, сүйсінді.Мектепке дейінгі
білім мекемелерінде балаларға
жастайынан Отанға деген
патриоттық сезімдерін қалыптастыруға тырысамыз.»Отан от
басынан басталады» дегендей әр
шаңырақ өз баласын ұлттық әдеппен
тәрбиелесе, нұр үстіне
нұр болар еді. Тарихты
терең білетін тәрбиешілерімізден, тәрбиелі
тұлғалар шығатынына біз кәміл
сенеміз. Ертеңгі ел болашағы болып табылатын жас
бүлдіршіндерді Отансүйгіштік патриоттық
сезімдерге тәрбиелейміз. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы
біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Ал ең бастысы – еліміздің рухын
көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы
жарияланды.
«Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей
жеткізетін тұғырлы идея.
Бұл дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге
жаңа серпін беретіні сөзсіз. Әрбір Жолдауында Ұлт Көшбасшысы халықтың жағдайын
бір сәтке де ұмытқан емес. Күні бүгінге дейін айтылған міндеттердің бәрі жыл
өткен сайын бірте-бірте орындалу үстінде.
Патриотизм- санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз
тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Әркімнің өскен ортасына, қалыптасқан
қоғамына қарай түрліше дамып, алуан сатылы деңгейде болатын, үздіксіз тәрбиенің
жемісі. Жолдаудағы маңызды бағыт – қазақстандық патриотизм. Жалпы, барлық құнды
еңбектер, жаңалық атаулы тек отансүйгіштіктің арқасында дүниеге келеді.
Қоғамның
қай саласына болмасын, ең алдымен патриотизм керек. Қазақстандық ұмтылыс,
толыққанды білім мен сапалы өнімнің түкпірінде Отанға деген үлкен сүйіспеншілік
пен құрмет, намыс жатыр.
«Біздің болашағымыз – жастар. Біз жастарды
жаңа өмірге бейімдей білуіміз керек» деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Әрбір жас қазақстандық қыз-жігіттердің ой-санасында: «Мен – қазақстандықпын!
Мен – елімнің патриотымын! Өзімнің бар білімімді, еңбегімді, тәжірибемді осы
мемлекеттің бүгіні мен болашағына арнауым керек!» деген ой болуы керек.
Сондықтан жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге, елжандылық пен
ерлікке тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз болмақ