«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Табиғатты аялай білейік

07.02.2018

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Державин қаласы

«Балдырған» бөбекжай- бақшасы

МКҚК-ның тәрбиешісі

Бекмағамбетова Г.Т.

 

     Табиғатты аялай білейік

Мақсатқа жету үшін біздің

санамыз ісімізден озып жүруі ,

яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

Н.Назарбаев

Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру аясында туған өлке, туған жер, патриотизм бұл өскен ауылың,

қалаң мен өңірің,яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Қазіргі

кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы тәрбие беру мен білім

жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Экологиялық білімсіз

қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес. Экологиялық тәрбие- бұл адамдардың

сезіміне, санасына , көзқарастарына  әсер

ету әдістері болып табылады. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына,

табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне , табиғат ресурстарына ұқыптылықпен ,

үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне 

жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзіңді 

өнегелі ұстауға әсер етеді. Балалардың балабақшада экологиялық білім мен

тәрбие жүйесінің міндетіне қойып отырмыз.

Егемендік алып,

дербес мемлекетке айналған Қазақстан Республикасының білім мен тәрбие беру

саласында тың өзгерістер енгізіліп,  жаңа

талап пен міндеттер қойылып отыр. Соның бірі – жеткіншек ұрпақтың болашақта

экологиялық таным-түсініктерін, табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін дамытып,

мәдениетті адамзат тәрбиелеу болады.Қазақстан Республикасының тәлім-

тәрбие  тұжырымдамасында өскелең ұрпаққа

экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн 

тәртібіндегі бірден-бір қажетті, кезек күттірмейтін мәселе екендігі

айтылған. Бүгінгі біздің тәрбиелеп отырған бүлдіршіндеріміз Отанымыздың болашақ

азаматтары. Сондықтан оларды туған ел табиғатын күтіп, оның байлықтарын

сақтауға, қорғауға тәрбиелеу міндетіміз болып табылады.

 

Бала ең бірінші

көрген гүлге, көбелекке, құмырсқаға, талға, тағы басқа заттарға таң қалып

қызығушылықпен қарайды.Табиғаттың осы сырын , қоршаған ортаны қорғаудың

қажеттігін санасына сіңірудің жолдары қандай болмақ? Экологиялық тәрбиеге

байланысты жыл мезгілдерін  бір-бірінен

ажырата білу, жаман мен жақсы істерді айыра білу, жануарлар мен өсімдіктер

дүниесіне байланысты баланың логикалық ойлау қабілетін және тілін дамыту

мақсатында түрлі дидактикалық ойындар, табиғатты бақылау , зерттеу жұмыстары

жүргізіледі.

Табиғатты қорғау

адам баласына абыройлы да міндетті жұмыс жүктейді. Егер ауа бүлінсе, су

ластанса онда одан табиғат қана зардап шекпейді,  адам да қасірет тартады. Міне, сондықтан да

табиғатты қорғау – адамның өзін- өзі қорғауы деген сөз. Сол себептен де ауаны

тазалайтын ағаштар мен өсімдіктерді сындырмай, аялап, өсіріп табиғатты

қамқорлыққа алу керек екенін балаларға жеткізіп отырамыз.

Балалар табиғатпен

тығыз байланыста болса ғана жақсылыққа, еңбексүйгіштікке , қайырымдылыққа

үйренеді. Ендеше, келешек ұрпақтың қоршаған ортаны қорғау , табиғи қорларды

тиімді пайдалану жөніндегі іс-әрекеттері отбасынан және мектепке дейінгі

ұйымдардан бастау алса, балаларды таным-түсініктерін дамыту қағидалардың

негізінде жүргізілсе деп ойлаймыз.Баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттілігімен

санасын тәрбиелеп оларды  туған ел

табиғатын  күтіп, оның байлықтарын

сақтауға, қорғауға тәрбиелеу міндеттіміз.Баланың  айнала 

қоршаған табиғатқа қызығушылығын ескере отырып, экологияға деген

сүйіспеншілікті , қорғаушылықты тәрбиелеу керекпіз. Ең маңыздысы біздің

табиғатты сүюіміз және табиғатсыз  өмір

сүре алмайтынымызды балаға түсіндіру. Қазіргі таңда балалардың  дамуында экологиялық біліктілігіміздің, жаңа

технологиялардың маңызы ерекше екені белгілі. Экологиялық тәрбие мәдениеттілік

тәрбиемен өте тығыз байланысты. Табиғаттағы әсемдіктен сусындау , оны қабылдау,

түсіне және сезіне білу мәдениеттілік негіздері қалыптастыруға көмектеседі.Оның

міндеттері күрделі де сан алуан.Экологиялық тәрбие балалардың сезімдерімен

санасына ықпал жасап, қөзқарастары мен нанымдардың  орнығуына жәрдемдесе отырып , оның дүние

танымын қалыптастыруға елеулі үлесін қосады. Тіпті балаларға табиғаттағы

адамдар еңбегінің  маңыздылығын көріп, бағалауды

үйретуіміз керек.  Сондықтан да

балабақшамызда тәрбие  ісінің  негізгі міндеттерінің бірі: «Балаларды

айналамен таныстыра отырып, экологиялық  

тәрбие беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге ,

оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін

күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету біздің мақсатымыз

болып табылады. Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында

оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге

үйретудің маңызы зор. Бала дүниеге шыр етіп келгеннен бастап табиғатпен

байланыста болады. Табиғат- баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты

түсініктер бойыншы қалыптасқан жоғарғы деңгейге жеткізетін қоры, болып

табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу

өнерін бірге дамытады. Табиғатты танып, білу- мектепке дейінгі жастағы баланың

бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын  экологиялық тәрбиені бере отырып,  сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге

үйретеді.Балалардың зейінін табиғатта жұмыс істейтін адамның еңбегіне

аударып,  олардың әсем де епті

қимылдарын  біріге отырып бақылауы шарт,

мұның бәрі балалардың сезімін оятып, еңбекті сүюге, еңбек адамын құрметтеуге,

табиғат әдемілігін аялауға үйретеді. Сондай-ақ табиғат, жыл мезгілдерінің

ауысуы, орман-тау  ауа-райының

құбылмалылығы, адамның күнделікті еңбек әрекеті мұның бәрі бала түйсігінде із

қалдырмай қоймайды. Балаларға табиғаттағы әдемілікті сезініп, көре білуге баули

отырып, табиғатты бақылатады.

Қазіргі таңда

адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат -ананы қорғап , аялау барша

жұртқа тіршілік қамы , табиғи қажеттілігі болып саналады. Сондықтан да

бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету,

олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа  тәрбиелеу қазіргі тәрбие ісінің өзекті

тармақтарының бірі болып табылады. 

Қорыта келе айтарым , бала тәрбиесімен, оған жүйелі білім беру

мәселесімен шұғылданған қандай да ғалымдар болмасын табиғатты назарынан тыс

қалдырған емес. Себебі дүниеде, айнала қоршаған ортада адам танып-білетін,

зерттейтін, оны күтіп-баптап, қорғайтын жұмбақ сыры мол әлем- тек табиғат!  Қазақстан Республикасының тәлім- тәрбие

тұжырымдамасында өскелең ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн

тәртібіндегі бірден-бір қажетті, кезек күттірмейтін мәселе екендігі айтылған.

Ендеше келешек ұрпақтың  қоршаған ортаны

қорғау , табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі іс-әрекеттері отбасынан

және мектепке дейінгі ұйымдардан бастау керек деп ойлаймын.

Экологиялық білім

беру мектепке дейінгі педагогиканың қазіргі кезеңде бөлінбес бір бөлшегі болып

саналады. Сондықтан да  педагогтардың

санасында көптеген сұрақтар туындайды. Балабақшада экологиялық білім берудің

тиімді жүйесін қалай құруға болады? Оны интеграциялау негізіне қалай

кірістіруге болады?  Экологиялық білім

берудің идеялары баланың әртүрлі іс-әрекеттерінде жүзеге асырауға болады.

Мысалы: бақылау,еңбек, ойын,  тәрбиелер,

музыка бейнелеу өнері және дене шынықтыру. Экологиялық тәрбиені жүзеге

асырудың  ең тиімді жолдарының бірі сабақ

процесі арқылы болады. Мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық білім беруді өз

дәрежесінде жүргізу үшін арнайы сабақ үлгілерін , ойын түрлерін, жұмбақтар

ұсынамын.

Табиғат, Жер-Ана,

Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын

ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналас, мазмұнды бай сөздер екені айдан анық.

Адамның өзі-Табиғат пен Жер-Ананың перзенті, Табиғат пен Жер-Ананы сүйе білу ,

оны аялау- әр адамның азаматтық борышы деп санаймын.     

Просмотров: 1198


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст