«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

шығармашылық. жапсыру. "Жапырақ түсуде"

08.02.2018

Білім беру

саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: Жапырақтар түсуде.

Мақсаты:

а) желіммен таныстыру, сүйкей жағу арқылы қағаз

бетіне дақ түсіруді үйрету;

ә) түрлі-түсті қағаздан қиылған жапырақтарды пайдаланып

жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, қолдың қимыл қозғалысын дамыту;

б) ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын

көрнекі құралдар: қуыршақ Айсұлу, себетке салынған жапырақтар, демонстрациялық материалдар.

Қажетті

құрал-жабдықтар: қызыл, қоңыр қатты қағаздан қиылған жапырақтар, қағаз бетіне салынған ағаш

суреті Сөздік жұмыс: себет.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

- Балалар, бүгін бізге Айсұлу деген қуыршақ қонаққа келіпті. Ол күзгі

орманды аралап жапырақ жинап жүріп, қолындағы себетін бір жерге қойып кетіпті

де, оны қайтадан таба алмай қалыпты. Сендер оның себетін көрді ме екен деп

сұрау үшін келіпті. Естеріңе түсіріңдерші, себетті біз қайтадан көрдік? (Егер

балалар жауабын тауып айтпаса, педагог өзі айтады).

- Мынау ма?

Қуыршақ қуанып:

- Иә, осы, қандай жақсы болды, рақмет сендерге.

Қуыршақ:

- Балалар, мен мендерге сурет алып келдім. Жапырақтар түсіп жатқаны

бейнеленген үлгі суретті көрсетеді.

Балалар тыңдайды. Жапырақтар жерге көп түсіп жатқанын, ағаштың басында аз

қалғанын айтады.

Ұйымдастырушылық-

ізденістек

Педагог баланың ойын дамыту үшін күз туралы бір шумақ өлең оқиды.

- Айсұлу сендердің жапырақтарды жапсыруларынды қалай жапсыратынды көрейін

дейді, біз оған түсіп жатқан жапырақтарды салып көрсетейік. Біз  бүгін суретті қылқаламмен саламыз.

Қылқаламмен таныстырады. Қылқалам деп аталуының өзіндік сбебі бар. Өйткені

оның бас жағы қылдан жасалған. Ол өте жұмсақ. Өздерің алақандарыңа сүйкеп

көріңдерші, жұп-жұмсақ. (Өзі сүйкеп көрсетеді). Сондықтан оны пайдаланғанда

қағазға қатты басуға болмайды. Қылдан жасалған шашақтар темірмен оралып,

ағашқа бекітілген.

(Өзі үлгіге бірнеше жапырақтар салып көрсетеді).

Балалардың жұмыстарын Айсұлу аралап көреді. Аяқьалған жұмыстарды педагог

жинап алып тақтаға іледі.

Айсұлу таңданып, балалардың жұмыстарына ризашылығын білдіріп, мадақтайды:

- Бәрің жапырақтарды жапсырып алуды үйреніп алыпсыңдар, мен де енді

сендерден жапсыруды салуды үйренемін.

Жұмыс барысында балаларға бағыт-бағдар беріледі.

- Ал қазір бәріміз бірігіп ойын ойнасақ қайтеді.

«Балабақша бағында» музыка әуені ойналады.

Күз туралы өлеңді тыңдайды.

Балалар жапырақтарды алып желімді жағып ағаштар салынған қағазға түсіп

келе жатқан жапырақтарды  жапсырып көреді

«Балабақша бағында» атты музыка әуенімен ойын ойнайды. Содан соң балалар

түсіп жатқан жапырақтарды тамашалауға Айсұлуды серуенге шақырады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог балалардың жасаған жұмыстарын мадақтайды, арнайы жасалған сбеттің

суретін балаларға үлестіреді.

Балалар өздерінің салған суреттерін тамашалайды, достарының суретімен

салыстырды.

 

Күтілетін

нәтиже:

Біледі: қылқалам мен күзгі

жапырақтардың ерекшеліктері жайлы қарапайым түсініктер;

Игереді: қағаз бетіне жапырақтарды

желіммен жапсыру

Меңгереді: ұқыпты жұмыс істей

білуді.

 

 

 

 

 

Просмотров: 1487


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст