Технологиялық
карта
Күні: 13.02.18ж
Тобы: «Жұлдыздар»
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: «Жеңіл машина».
Мақсаты: а) Түрлі –түсті қағаздан бүктеу тәсілі арқылы жеңіл машина
жасауды үйрету.
ә) Көркемдік талғамын дамыту.
б) Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Билингвальді
компонент: машина-машина
Іс- әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Ынталандырушы - Қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Машиа туралы жұмбақ жасырады: Әкемнің тор тайы, Май жалап су ішкен, Тоқтамай жортады. Үлгіні талдау жасау арқылы жеңіл машинаның негізгі бөліктерін нақтылап алады. |
Жұмбақтың шешуін табады.
Машинаны жасау үшін қандай құрылыс материалдары керек екенін таңдайды. |
Ізденістік - ұйымдастырылған |
Жеңіл машинаны қалай жасау керектігін көрсете отырып түсіндіреді: -ең астына ұзынша екі дөңгелекті қойып оның үстіне жалпақ ағаш тақтайша орналастыру ұсынылады; -тік төртбұрышты кірпіштерден қатарлап қойып, оның үстіне көлденең екі немесе үш кірпішті қою; -алдыңғы бөлігіне үшбұрышты кірпіштерді орналастырып, үстіне пластина жабады, немесе кірпіштермен жабу; -терезесіне ұсақ ойыншықтарды орналастыру қажет екенін түсіндіреді. –бірнеше кірпіштерді ауыстыру арқылы машинаның пішінін өзгертуге әрекет етеді. |
Кірпіштерді орналастырады.
Үстіне жалпақ ағаш тақтайша қояды.
Терезесіне ұсақ ойыншықтарды, адамдарды орналастырып ойнайды. |
Рефлексті – Түзетушы |
Қорыту: Құрастырған жеңіл машиналарын қарап шығады, құрылыс материалдарын дұрыс пайдаланғанын қадаңалайды кейбір кемшіліктері болса түзетеді. Құрылыс материалдарының түстеріне назар аударады. |
Өздері жасаған жеңіл машиналары туралы айтып береді.
Ең жақсы құрастырылған машинаны таңдайды. |
Біледі: жеңіл
машинаның түрлері туралы біледі, оны құрылыс материалдарымен құрастыруды
үйренеді.
Игереді: құрылыс материалдарын тиімді пайдалану арқылы жеңіл
машинаның бірнеше түрлерін жасауға болатынын түсінеді және оны құрастыру туралы
жаңа мәліметтер игереді.
Меңгереді:құрылыс материалдарын пайдаланып жеңіл машина құрастыру
іскерлік дағдыларды қалыптастырады.