«Туған жер»
Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру
Бұл баяндамамда мектепке дейінгі білім
беру мекемелеріндегі тәрбие мен оқыту жайлы жазылған. Балабақшадағы
бүлдіршіндердің Отансүйгіштік және
патриотизмдік сезімдерінің қалыптасуы мен дамуы баяндалады. «Рухани жаңғыру»
идеясы балабақшадан бастау алғандықтан, осы идеяға сәйкес іс-шаралар жоспарлы
түрде іске асырылуда. Жас жеткіншектерді
отансүйгіштікке тәрбиелеу - бүгінгі әлемнің күрделі тынысында негізгі
мәселелердің бірі болып табылады. Отаншылдық – сонау ерте замандардан
қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Көп ұлтты Қазақстан үшін отансүйгіштік
сезімнің рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес,
мемлекеттік материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік
рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік
қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір күш.
Рухани жаңғыру идеясын іске асыру барша
қазақстандықтарға, әсіресе, бүгінгі және келешек ұрпаққа үлкен сын, зор
мәртебелі іс болмақ. Бұл үшін төмендегі құндылықтарды орындауымыз керек:
бірінші – ата-анасын қадірлейтін, Отанын сүйетін бала тәрбиелеу, екінші – қазақ
тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін білетін, оны дамытатын ұрпақ
тәрбиелеу, үшінші – халықтар достығын қастерлейтін, ел бірлігін сақтайтын
ұл-қыз өсіру.
Қазіргі
кезеңде ұлттық патриотизмнің басты көрінісі – қазақтың ана тілінде сөйлеуі, жас
жеткіншектерге ұлттық тәрбие беру, ізет, құрмет, қайырым, мейірім сезімдерін
дамыту. Өз халқын сүйіп, оның болашағын ойлаған адам басқа халыққа да солай
қарайды.
Балалық шақ – әр адамның есте қалатын қызықты
сәттері. Кез келген адамның балалық шағы әрине, балабақшадан бастау алады.
Сондықтан, балалардың балабақшадағы балалық шағын қызықты етіп өткізу, олардың
ойын, тілін дамыту – біздің қолымызда.
Балалық шақ баланың жеке тұлға болып өзін — өзі сезінуінің алғашқы
сатысы. Баланың сөз әдебі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке
дейінгі жас шағында қалыптасады.Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін,
қабылдағанын, естігенін, қиялын, ойын тіл арқылы білдіреді. Сондықтан бала
тілінің дұрыс дамуына баса назар аударған жөн. Сыпайы, келісті сөз баланың
абыройын арттырады, жақтастарын көбейтеді, көптің ықыласына бөлейді. Таза
мәнерлі тіл - ойлау жемісі. Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы
олардың бойында тілдік мәдениеті қалыптасады.
Бала болашағы — бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір
ұлттың бүгіні мен ертеңін жалғастыратын алтын көпірі, асыл мұраты іспеттес.
Мектепке
дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру - аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы
және негізгі жағдайларды жақсарту - басты міндет болып табылады.
Ұлттық
бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін
білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін
кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар
сипаттарын өзгерту.
Біріншіден,
білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол
мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын,
баланың балалығына бағытталуы шарт.
Екіншіден,
тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін
үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық
бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және
жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ,
отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің
балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде
жұмыс істеу де өте маңызды.
Үшіншіден,
балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің
технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін
кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес
қосып отыру қажет.
Қазіргі
таңда білім беру саласында мектепке дейінгі білім беру мекемелері
рухани-адамгершілік ұстанымдарына негізделген кешенді тәрбие бағдарламасы
бойынша әр түрлі іс-шараларды жоспарлы түрде жүргізіп келеді. Осындай ұстанымда
бағдарлы жұмыс атқарып келе жатқан – Жарқайың ауданы Білім бөлімінің «Балдырған»
бөбекжай-балабақшасы. Мекемені Сайфуллина Тливлес Камашқызы басқарып келеді.
Мекемеде 6 топ қазақ тілінде тәрбие алады, оқу-іс-әрекеті
барысында үш тілділік қолданылады. Балабақшада оқу-тәрбие процесіне қажетті
жағдайлар толық жасалған. Психология дәрістері, спорт залы, ән залында
өткізілетін ертеңгіліктер мен ашық оқу іс-әрекеттер бала дамуына, денсаулығына
зор ықпал етеді.
Егемен
еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін жастарымыз білімді,
жан-жақты, дарынды да қабілетті болуы шарт. Жас жеткіншектердің ешкімге
ұқсамайтын даралығын, шеберлігін, шығармашылығын дамыту, оны жарыққа шығару
жолында балабақшамыздағы бүлдіршіндер әр түрлі жарыстар мен сайыстарға, ашық
сабақтарға, тәрбие сағаттарына белсене қатысып отырады. Сонымен қатар, әрбір
бүлдіршіндердің жеке дара ерекше
қабілетін дамыту мақсатында интеллектуалды ойын бағдарламалары өткізіліп
тұрады. Балабақшамызда заман талабына сай, талғамы жоғары, өз мамандығының
қыр-сырына қанық, тәжірибелі мамандар – тәрбиешілер шығармашылықпен жұмыс
атқарады. «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген
үлгі, өнеге білетіндігінен...Көпшілікті адамгершілікке тәрбиелеу үшін, жас
буынды жақсылап тәрбиелеу керек» деген Мұхтар Әуезовтің даналық сөзі әрдайым
ұжымның ұстанымында.
Бала – жас
шыбық. Оны қалай иілуге икемдесеңіз, солай иіледі. Сондықтан, бала тәрбиесінде
мектепке дейінгі білім мекемелерінің алатын орнын ерекше айтып өткім келеді.
Себебі, болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі балабақша
бүлдіршіндері, баланың бала шақтан болашаққа қадам басуы балабақшадан
басталады. Бүгінгі таңдағы баршамыздың міндетіміз – әдет-ғұрыптарымызды,
салт-дәстүрімізді жандандарып, ұлттық сана-сезімі жоғары деңгейдегі ұрпақ
өсіру.
Балабақшада
«Рухани жаңғыру» идеясы аясында
бүлдіршіндерге бабалардың ерлік істерін, ата-бабаларымыз қолданған бұйымдарды
насихаттап отырып, балалардың өз ойларын айтқызу, бала қиялын шарықтатып,
отаншылдыққа баулу – педагогтардың міндеті және парызы. Балалардың бақытты өсуіне «Балдырған»
бөбекжай-балабақшасының білім мен тәрбие беруде заман талабына сай
мамандарымыздың жан-жақты ізденістері, өз істеріне деген қызығушылықтары көңіл
қуантады.
ХХІ ғасыр –
білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі
жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру – мемлекетіміздің алға қойған аса
маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі
тәрбие ошағында беріледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен үздіксіз білім беру жүйесі
алғашқы деңгей ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемге бәсекеге қабілетті
бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды.
Бала
тәрбиесімен айналысатын педагогтар үнемі өзін үлгілі, табиғи өнеге бейнесі
ретінде көрсетуі керек. Өйткені, бала – әсершіл, сезімтал, сенгіш бола тұрып,
өте әділетті тұлға. Балаға сөзбен емес, іспен, өзіңнің жүріс-тұрыс,
іс-қимылыңмен, қарым-қатынасыңмен, шынайы көзқарасыңмен әсер етесің.
Балабақшада
балалар күнұзақ болады. Ол бүлдіршіндердің тек келіп-кететін мекені болмауы
тиіс. Ал, ата-ана үшін өз жағдайларын жасап, жұмыс жасауға кедергі болмасын
деген ниетте балаларын кешке дейін апарып тастайтын орын болмауы керек. Осындай
көзқарастар қалыптаспас үшін балабақша жұмысының, ұжым ауызбіршілігінің мықты болуы
абзал.
Бүлдіршін
балабақшаға достарымды көремін, үйде ойналмайтын қызық ойындар ойнаймын, ешкім
білмейтін, тек тәрбиеші ғана білетін қызықты ертегілерді тыңдаймын, ән үйреніп,
би билеймін деп асыға келетін шуақты мекеніне айналуы тиіс.
Қорыта айтқанда, Елбасшымыздың «Рухани
жаңғыру» идеясының негізінде бүлдіршіндерді отансүйгіштікке тәрбиелеу
мақсатында жүргізіліп жатқан игілікті істер жалғасын табуда. Жас ұрпақты ойлы
да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалды деңгейі биік,
жан-жақты азамат ретінде қалыптастыруда жалпы ұстаздар қауымының қызметі
өлшеусіз.
Еліміздің жеткен жетістіктері аясында жас
ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу - біздің басты
міндетіміз. Елбасшымыздың болашаққа бағыт берер «Рухани жаңғыру» идеясын
қолдап,халқымыздың жарқын болашағының кепілі-еліміздің патриот ұл-қыздарын
тәрбиелеп,отанымыздың бақыты үшін еңбек ете берейік.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен
музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда
мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары
мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар
біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.
Әрине, туған жердің тарихын білген және оны
мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы
ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайды.