«Жауқазын» ерте жас тобы
Ашық сабақ
Тәрбиеші:
Дарменова Г.С
Білім беру
саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Сурет салу
Тақырыбы:
«Аққала»
Мақсаты
: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері
туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау және есте сақтау қаблеттерін арттыру.
Аққаланы басты техникасы мен салып таныстырып, үйрету. Адам мен табиғат
арасындағы қарым-қатынас арқылы еңбексүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбилеу.
Көрнекті
құралдар:
ақ түсті бояу, аққала трафареті, көк қағаз.
Билингвальды
компонент: аққала – снеговик, қыс – зима, қар –
снег.
Тәрбиеші:
Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар қараңдаршы біздерге бүгін қонақтар келіпті,
Қане шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайық.
Шаттық
шеңбері: Арайлап таң атты,
Алтын сәуле
таратты.
Жарқырайды
күніміз,
Жарқырайды
даламыз.
Сәлеметсіздер ме,
балалар,
Сәлеметсіздер ме,
қонақтар!
Сұрақ-жауап:
-Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
-Қыста жерде не жатады?
-Қыста қардан не жасауға болады?
-Сіздер аққала жасап көрдіндер ме?
(Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.)
Тәрбиеші:
Дұрыс, жарайсыңдар, балалар! Балалар, мына суреттерге қарандаршы, бұл суретте
не бейнеленген?
Балалар:
Аққала бейнеленген.
Тәрбиеші:Аққала
қандай пішіндерден құралған екен?
Балалар:
Дөнгелектерден.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Аққаланын түсі қандай екен?
Балалар:
Ақ!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Ал аққаланы неден жасаймыз?
Балалар:
Қыста қардан жасап ойнаймыз.
Тәрбиеші:
Балалар, біздің Аққала көңілсіз сияқты.
Аққала:
-Сендерге жақсы, бәрен бірге жүресіндер.
Мені балалар жалғыз қалдырып, үйлеріне кетіп қалады.
Тәрбиеші:
Біз балалармен саған көмектесейік, бізде қазір сурет сабағы. Саған көп дос
салып берейік.
Аққала:
Ой қандай жақсы, маған көп-көп дос салып беріндерші.
Тәрбиеші:
Балалар, біз аққалаға көп дос салып береміз бе?
Балалар:
Ия
(Балалар тапсырманы орындауға тырысады)
Тәрбиеші:
Балалар, шаршадыңдар ма? Олай болса сергіту жаттығуын жасайық!
Сергіту
сәті: Боран соғады он жақтан,
Боран соғады сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су болады қолғаптар.
(Балалар тәрбиешімен бірге сергіту
жаттығуын орындайды)
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Енді орындарына отырындар, бояған суреттеріңді көрейік.
(Балалар суреттерін көрсетеді, тәрбиеші
жұмыстарын бір –біріне көрсетіп, балаларды мадақтайды)
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Суреттерің әдемі екен!
Қортынды:
Тәрбиеші:
Балалар, біз бүгін ненің суретін салдық?
Балалар:
Аққаланын!
Тәрбиеші:
Аққаланын түсі қандай екен? Аққала қандай пішіндерден құралған екен? Ал
аққаланы неден жасаймыз? Сендерге ұнады ма?
(Балалар тәрбиеші қойған сұрақтарға
толық жауап береді)
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Келген
қонақтармен қоштасайық. Сау болыныздар!