Текст
2021 жылдың 18-22 қаңтар аралығында балабақшада қысқа мерзімді жобалар бойынша тәрбиешілердің әдістемелік апталығы басталды. Әр топта әртүрлі жастарына сай 0ызы0ты тақырыптар алынған. «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ның педагогтары жобалық оқыту технологиясы арқылы қысқа мерзімді жобамен жұмыстарын жалғастыруда. Жобалық оқыту технологияның негізгі мәні – балалардың қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Бұл технология балаларды қоршаған ортамен таныстыруда, ойындар мен еңбек іс-әрекеттерін ұйымдастырғанда,әңгімелесу дағдыларын қалыптастыруда тиімді. Барлық педагогтарға шығармашылық табыс тілейміз.