Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған орта.
Тақырыбы: «9 мамыр-Жеңіс күні!»
Мақсаты: Жеңіс күні туралы түсінік беру. Батыр аталарымыз бен апаларымыздың
ерліктерімен таныстыру. Балалардың ақыл-ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын, ән айту
қабілетін дамыту. Балаларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке , елін, жерін сүйетін
батыл азамат болуға тәрбиелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: әскери адамдар туралы мазмұнды суреттер.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын.
Сөздік жұмыс: жеңіс
Билингвальды компонент: отан-родина
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті
|
Дәлелдеп-талаптану |
Шаттық шеңбер.
Күлімде, күн күлімде, Жер жасарып көгерсін. Кешегіндей бүгін де, Қанат қақсын көгершін Әнұран орындалады. |
Балалар дөңгелене тұрып, өлең жолдарын қайталайды.
|
Ұйымдастыру-шылық ізденіс |
Әңгіме жүргізу. -9 Мамыр-Жеңіс күні мерекесі. Біздің Отанымызды, туған жерімізді ержүрек ағаларымыз, апаларымыз сыртқы жаудан қорғап қалды. Жеңіс мерекесі елімізде жыл сайын тойланады. Суретпен жұмыс. -Балалар, бұл суретте 28-панфиловшылар саябағы бейнеленген. Осы саябақта соғыста ерлікпен күрескен ағаларымыздың ескерткіші бар. Сол жерде мәңгілік өшпейтін алау оты бар. Алау отына ардагер аталарымыз, апаларымыз гүл шоқтарын қояды. -Балалар, қазақ халқының Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Маншүк Маметова сынды батыр ұлдары мен қыздары бар. Сол жерде мәңгілік өшпейтін алау оты бар. Алау отына ардагер аталарымыз, апаларымыз гүл шоқтарын қояды. Балаларға ой тастау. Олар бізді жаудан қорғап, жерімізді жауға бермей алып қалды. -Балалар, сендер де осы аталарың, апаларын сияқты батыр болғыларын келе ме? Сергіту сәті. Ақ көгершін, көгершін Қол қанат құс сен едің. Бар кезіп қайт ел үшін, Кең дүиенің көлемін. - Балалармен ән айтылады. Дұрыс айтасыңдар, балалар барлық жер шарындағы балалардың тілегі осындай екен, ендеше балалардың тілегіне «Әр қашан күн сөнбесін» өленің айтайық. -Бейбітшілік болсын! -Соғыс болмасын! -Достық болсын! Балалар өлең жолдарын айтады.
|
Балалар есімдерді қайталап айтады.
Балалар есімдерді қайталап айтады. Балалардың жауаптары тыңдалады. Балалар қимыл-қозғалыспен жасайды.
|
Рефлекстік түзету |
Қимылды ойын: «Өз орнын табу» Мақсаты: Балалардың түстер туралы түсініктерін бекіту, жылдамдыққа, ептілікке баулу. Шарты: қызыл, жасыл, сары жалаушалардың түстеріне қарай топтасу. Әңгімелеу арқылы қорытындылау. Балалар қызыға ойнайды.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жеңіс мерекесінің басқа
мерекелерден айырмашылығын:
Игереді: батырлардың есімдерін есте
сақтап, патриоттық өлеңдерді жаттап, олардың
мағынасын түсіне білуді:
Меңгереді: батырлық, жеңіс деген
ұғымдарды.