Ұйымдастырылған
оқу іс – әрекеттерінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» ,«Қатынас »
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру .
Тақырыбы : Мұзға тәжірибе жұмысын жасау.
Мақсаты: Қыс мезгілінің белгілері , ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту
алған білімдерін тиянақтау . Қыста болатын өзгерістерге көңіл аударып,
қармен мұздың айырмашылығын ажырата білу.
Міндеттері : Білімділік : Балаларға мұз , мұздың ерекшеліктері туралы түсінік
беру . Мұздың өзіне тән ерекшеліктерін атап, ажыратуға , өз ойын толық жеткізе
білуге үйрету. Мұздың пайдасы мен зияны туралы түсініктерін кеңейтіп,
білімдерін арттыру .
Дамытушылық : Мұзға тәжірибе жұмысын жасау арқылы танымдық белсенділерін дамыту
сөздік қорын , тіл байлығын молайту .Баланың ойлау, сөйлеу қабілетін , қиялын
дамыту .
Тәрбиелік : Табиғатты қорғап аялай білуге тәрбиелеу .
Билингвальды компонент: Қыс – Зима - Winter (унтие). Мұз – Лёд
- ice (айс).
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбер Табиғаттым тамаша Көз тоймайды қараса Табиғатты аялап Жүрейікші жараса Сәлем маған, Жер ана! Сәлем маған, Нұрлы күн! Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! -Балалар, мен бүгін Аязды көрдім. -Ол: «Қыс мезгілі келгеніне балалар қуанды ма?»-деп сұрады. -Мен: «Әрине,қуанды»-дедім. -Сендер қуандыңдар ма? -Ендеше мына күміс қоңырауды ал да,балаларға бер,қоңырауды сылдырлатып,қыс келгеніне қалай қуанғандарын білдірсін. Қысқы мерекелерді,ойын түрлерін айтып,қоңырауды сылдырлатсын. Мен терезеден қарап тұрамын,әйтпесе қатты боран соғып,аяз қысады,-деді. -Кәне,балалар,Аяздың айтқанын орындаймыз ба? Орындамасақ,Аязды ашуландырып алармыз.
-Өте жақсы,балалар.Қыс мезгілінің келгеніне қатты қуанғандарыңды Аяз да көріп,риза болып қалған шығар. |
|
Балалар өлең мазмұнына байланысты қимыл-қозғалыстар жасайды.
-Ия,әрине,қуандық!
-Ия,орындаймыз. Балалар қоңырауды кезек-кезек алып,қыс мезгілінің келгеніне қалай қуанғандарын білдіреді. -Алақай,алақай,қыс келді! -Алақай,алақай! Жаңа жыл келді. -Алақай,алақай! Шаңғы тебеміз! -Алақай,шанамен сырғанап,коньки тебеміз. -Алақай,алақай! Аққала жасаймыз. | ||
Ұйымдастырушылық ізденістік
Рефлексиялық түзетушілік
|
- Балалар мен сендерге жыл мезгілі туралы әңгіме оқып берем. Ерте, ерте, ертеде Жыл ақсақалдың төрт баласы болыпты, үлкен ұлынның аты Қыс тентек, суық болып өсіпті. Одан кішісі Көктемгүл деген қызы сұлулығымен елдің аузында жүріпті. Екінші қызы Жаздыгүлдің даңқы жайдары, салмақты мінезімен шығыпты. Кенжесі Күз сылбыр, ерке болып өскендіктен көңілшек көзінің жасы бырт-бырт тамшылап шыға келеді. Жыл ақсақал төртеуінеде өте жақсы көреді. Балалары да оны қатты құрметтеп, сыйлапты. Жыл ақсақалы балалары өскен кезде шақырып ұлдарым мен қыздарым, ақылдарын толысты, енді мен сендерге төрт мезгілді бөліп беремін. Келешекте бір-біріне сүйеу болып, тату болатындарына сенемін,-дейді. Содан бері Жыл ақсақалдың төрт баласы бір-біріне сүйеу болып тату өмір сүреді екен. – Әңгіме ұнады ма? - Жыл ақсақалдың үлкен ұлының аты кім екен? - Қазір қай мезгіл? -Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтайықшы. -Балалар,ал сендер білесіңдер ме,мұз неден пайда болады? -Қане,ендеше біз мұз туралы суреттерді теледидардан тамашалайық. Бізге мұз не үшін қажет? (Түсінік беру) -Мұздың түсі қандай? -Мұзды жаз мезгілінде қайдан көруге болады? -Өзендерде,көлдерде. Біз мұнда мұз жайлы көп білім алып зерттеу жұмысын жасағалы тұрамыз.Бірақ зерттеу орталығына бармас бұрын денемізді шынықтырып,бойымызды сергітіп алсақ қайтеді. Сергіту сәті: Тоңса біздің қолымыз, Қолғап киіп аламыз. Сарт – сарт – сарт Шапалақ соғамыз. Тоңса біздің аяғымыз, Етік киіп аламыз. Топ- топ – топ, Топылдатып билейміз. Тоңса біздің денеміз, Тоңды киіп аламыз . Зу – зу – зу Шанаменен зулаймыз. -Балалар,қане бәріміз бірге зерттеу орталығына барайық. Қауыпсіздік ережесі: 1. Мұздан сақ болу керек. Мұзды лақтырсақ қатты тиеді. 2. Мұзды ауызға салып жеуге немесе соруға болмайды. Ол кір әрі суық. 3. Мұзды жермен ақырын жүру керек. Біз қазір мұзға бірнеше зерттеу жұмыстарын жасаймыз. Мұнда үш түрлі мұздар тұр.Түстерін кім маған атап береді? Мұздардың пішіні бірдей ме? -Демек,мұзда әр түрлі пішіндеболады екен,және суға айналған күйінде әр түрлі түске бояп қатыруға да болады екен. 1-тәжірибе. Алдымызда тұрған мұзды ұстап көрейік. -Мұздың түсі қандай? -Мұзды ұстағанда алақанымызда не пайда болды? Қортынды шығарайық,демек мұз жылы жерде суға айналады. 2-тәжірибе. Алдарындағы суға мұзды салыңдар.Мұз батпай бетінде қалықтап жүзіп жүр. Сондықтан мұз судан жеңіл. 3-тәжірибе. Балалар біздің үстеліміздің үстінде бір ыдыстың ішінде су, екіншісінде май бар. -Май бизге не үшін қажет? (Балалардың жауабы) Суға көк түсті мұзды,ал қызыл түсті мұзды майға саламыз. 4-тәжірибе. Мұзды екі ыдысқа салыңдар. Біреуіне тұз себіндер,ал екіншісін жай салып қоямыз. Енди мұзбен не болатынын көрейік. Тұз салған мұз тез еріді,ал тұз салмаған мұз ерімей тұр. 5-тәжірибе. Мұзды бояу. Ойын. «Ақ қоян» Ойын шарты.
-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізде нелерді үйрендік? Балалар біз ғылым орталығында нені зерттедік? -Өнер орталығында не жасадыңдар?
|
- Ия ұнады
- Қыс -Мөлдір -Тоңазытқыштан.
Балалар өлең мазмұнына байланысты қимыл-қозғалыстар жасайды. |
Күтілетін нәтиже:
Бала білу керек: Қыс мезгілі туралы
білулері керек
Бала меңгеру керек: Қауыпсіздік ережелерін
меңгеру керек
Бала жасай білу керек: Қарға, мұзға тәжірбие жасай
білуі керек.